Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Зұлқарнай Сақиұлы
Зұлқарнай Сақиұлы 1935 жылы 7 сәуірде Қарақалпақ АССР-ы Тақтакөпір ауданындағы Дәуқара өңірінде туған.
Қарақалпақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген соң, 1956 жылы мектептерде сабақ берді. «Совет Қарақалпақстаны» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1957—1960), Қызылорда облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), «Путь Ленина» газеттерінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі (1963-1965, 1967-1968), Қазақ радиосының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі (1965- 1967), осы облыстағы ҚазТАГ тілшісі (1968-1970), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің аға тілшісі, жауапты хатшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі (1974— 1987), «Ақиқат» (бұрынғы «Қазақстан коммунист») журналының аға әдеби қызметкері (1970—1974), бөлім меңгерушісі (1987—1991), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің аға референті (1992-1993), «Санат» баспасының аға редакторы, «Жеті жарғы» баспасы бас редакторының орынбасары, «Әділет министрлігінің хабаршысы» журналының бас редакторы (1993 -1996), «Қазақ энциклопедиясының» жетекші маманы (1998), «Денсаулық» жур-налының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
Орыс, өзбек, қазақ тілдерден қарақалпақ тіліне С.Щипачевтің, Се Май Ирдің поэмаларын, A.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, М.Е.Салтыков-Щедрин, Г.Гейне, Ш.Петефи, Н.Хикмет, Го-Мо-жо, Эми Сияо, Чжу Бао-хуа, Буи хань, Р.Ғамзатов, А.Малышко, М.Исаковский, Э.Жүманбұлбүл, Х.Әлімжан, А. Мухтар, Т.Тула, Қ.Аманжолов, С.Жиенбаев шығармаларын аударды. Орыс тілінен қазақ тіліне Х.Байрақүмо-ваның, Г.Марковтың шығармалары Б.Брехтің, А.Володиннің, Э.Де Филиппонвің пьесаларын, B.Короленко, О.Гончар, Ю.Казаков, Ю.Рытхэу,Я. Кросс, Ц.Дамдинсурэн, И.Минэскурта, Р.Салури, В.Далан әңгімелерін, «Соттар мен судьялар туралы хикаялар» жинағын («Жеті жарғы», 1998); башқұрт тілінен М.Кәрімнің «Көкейден кетпес балғын шақ», «Үштаған» («Жазушы», 1978) повестерін, «Тастама отты, Прометей!» трагедиясын, мақалалары мен әңгімелері^ З.Биішеваның «Зәбірленгендер» романын («Жазушы», 1981), М.Хисматуллинаның әңгімелерін, татар тілінен Т.Миңнуллиннің «Диләфруздың төрт күйеуі» комедиясын, қарақалпақ тілінен Т.Қайыпбергеновтің «Перғауын Хеопстың мүнарасы» траги-комедиясын (1998), Т.Жүмамұратов, И.Юсупов өлеңдерін, түрікмен тілінен Б.Сейтаков пен Т.Жүмагелдиев әңгімелерін аударды. «Хакімжан Наурызбаев»(«Өнер», 1987), Б. Ривкиннің «Антик өнері» («Өнер», 1988; Зей-нолла Серікқалиевпен бірге аударған) монографиясын, «Бәти-ма Зәуірбекова» («Өнер», 1989), «Қазақтанның монументтік өнері» («Өнер», 1991), «Тоқболат Тоғысбаев» («Өнер», 1991), т.б. кітаптарды тәржімалады.

Көп оқылғандар
Мұхтар Мағауин: Абайдың белгісіз әңгімесі
09.08.2022
3956
Жас жігітке өмір туралы ашық хат
08.08.2022
1273
Ар ұстанымы, имандылық және серт
08.08.2022
778
Абай шығармаларының түпнұсқадан аударылуы
10.08.2022
592
Серіктің жыр сапары
12.08.2022
355
Жантас Еркін. Лиза
13.08.2022
247
Айзат Рақыш. Құбыжық қайғысы
15.07.2022
28886
Күліп отырып, күрсінесіз бе...
03.08.2022
5597
Мұхтар Мағауин: Абайдың белгісіз әңгімесі
09.08.2022
3956
Акутагаваның әңгімесі
05.08.2022
2816
Құндыздың жүрегіндегі көбелек
21.07.2022
2585
Нұрлайым Батыр. Салынбай қалған портрет
01.08.2022
2464
Дүниенің кем-кетігін түгендеген
28.07.2022
2233
Ілекең феномені
04.08.2022
1835
Нұрбек Мырзабекұлы. Көлеңкелі өмір
19.07.2022
1832
Рухтың жоқтаушысы – көркем шығарма
15.07.2022
1759
Көркем әдебиеттегі қара шаңырақ пайымы
28.07.2022
1746
Ықылас Шалғынбай. Қиялда аққан өзен
26.07.2022
1689
Жылқышы Ақтайұлының сыбызғышылық өнері туралы
05.08.2022
1663
Өлең-жырлардағы жылан бейнесі
02.08.2022
1470