Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Әбдімәлік Нысанбаев
Әбдімәлік Нысанбаев (1.5.1937 жылы туған, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қарауылтөбе ауылы) – ғалым, философия ғылым докторы (1977), профессор (1980) ҚР ҰҒА академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1994), Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1995). Қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (1960).
1960 – 61 жылы КСРО ҒА-ның Химия ғылымдары институтында аға лаборант, 1961 – 76 жылы Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылым философиясы және методологиясы бөлімінің меңгерушісі.
1990 жылдан Философия және құқық институтының (қазіргі Философия және саясаттану институты) директоры. Сонымен қатар 1997 – 2003 жылы “Қазақ энциклопедиясы” баспасының Бас редакторы қызметін қоса атқарды. Нысанбаевтың негізгі зерттеу еңбектері диалектика және таным теориясы, ғылым философиясы мен методологиясы, қазақ және түркі философиясы, әлеум. және саяси философия, саясаттану және мәдениеттану мәселелеріне арналды. Ол ғылыми мектеп қалыптастырып, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындады.
Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер, соның ішінде 30 монография, жеке кітаптар мен оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбектері 25 шет тілдерінде жарық көрген. Ғылымдағы еңбегі үшін Қазақстанның (1984) және Түркияның (1999) Мемл. сыйлықтарын, ҚР Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын алған (1998), “Отан”, “Парасат” (2004) ордендері (1998) мен бірнеше медальдармен марапатталған. 2005 жылы “Философ Нысанбаев” атты деректі фильм жарық көрді.

Көп оқылғандар
Мұхтар Мағауин: Абайдың белгісіз әңгімесі
09.08.2022
3956
Жас жігітке өмір туралы ашық хат
08.08.2022
1273
Ар ұстанымы, имандылық және серт
08.08.2022
778
Абай шығармаларының түпнұсқадан аударылуы
10.08.2022
592
Серіктің жыр сапары
12.08.2022
355
Жантас Еркін. Лиза
13.08.2022
247
Күліп отырып, күрсінесіз бе...
03.08.2022
5597
Мұхтар Мағауин: Абайдың белгісіз әңгімесі
09.08.2022
3956
Акутагаваның әңгімесі
05.08.2022
2816
Құндыздың жүрегіндегі көбелек
21.07.2022
2585
Нұрлайым Батыр. Салынбай қалған портрет
01.08.2022
2464
Дүниенің кем-кетігін түгендеген
28.07.2022
2233
Ілекең феномені
04.08.2022
1835
Нұрбек Мырзабекұлы. Көлеңкелі өмір
19.07.2022
1832
Көркем әдебиеттегі қара шаңырақ пайымы
28.07.2022
1746
Ықылас Шалғынбай. Қиялда аққан өзен
26.07.2022
1689
Жылқышы Ақтайұлының сыбызғышылық өнері туралы
05.08.2022
1663
Өлең-жырлардағы жылан бейнесі
02.08.2022
1470
Ерлан Аманқожа. Қаламыңның ұшында тұрған өлең
23.07.2022
1390
Сенің алтын тұяғың бар, самға енді Көкмойнақ
19.07.2022
1372