Сегодня день рождения у
Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Блоги
ИСТОРИЯ
“Ұмытсам сыбырла” фильмі. (Қысқаша мазмұн)

Блоги

20.06.2017
9233

“Ұмытсам сыбырла” фильмі. (Қысқаша мазмұн)

“Ұмытсам сыбырла” фильмі. (Қысқаша мазмұн)

Кішкене бір ауылда мінезі жағынан бір-біріне ұқсамайтын апалы-сіңілі Хатидже және Ханифе атты екі қыз өмір сүреді. Хатидже сөз тыңдамайтын бұзықтау қыз боп өссе, әпкесі Ханифе болса медицина колледжін жаңа бітірген ұялшақ әрі тұйық бір жан еді. Әдебиетке жаны әуес Ханифе ешкімге көрсетпей өлең үшін  бір дәптер арнайды. Хатидже болса ән салуымен жұртты тәнті қылады.

 

Бір күні ауылға жаңа атанған губернатордың ұлы Тарык есімді жігітке апалы-сіңілі екі қыз ғашық болып қалады. Сол күннен бастап олардың өмірі түбегейлі өзгереді. Тарык жас әрі талантты музыкант еді. Ол Хатижемен танысып жақын араласып кетеді. Таныстық махаббатқа ұласады. Ән айтып Түркияның жұлдызы болу – Хатидженің арманы еді. 

 

Тарыктың композиторлығы мен Хатидженің керемет даусы бір-біріне қатты үйлеседі. Бұл жолда арман отын өшірмей бірге табысқа жететіне сөз береді екеуі...

 

Алайда, Тарыктың анасы мен Хатидженің әкесі екі жастың бұл әрекетіне қарсы болады. Тарык – бай губернатордың ұлы болғандықтан мектепте ән байқауын ұйымдастыруға себепші болады. Ол Хатидженің әкесіне осы өнер жолында бірге ән байқауына қатысатыны жайында мектептен хат жаздырып жібереді де, Хатиджеден жақсы жаңалық күтемін деген оймен сол күні кешке үй маңында кездесуге келіседі.

 

Бірақ, қамқор әрі ескішіліктің көзін көрген қатал әке бұған жол бермей Хатидженің хатын жыртып тастайды. Еңіреп шыққан Хатиджені Тарыкқпен кездесіп тұрғанын көрген әпкесі Ханифе өз көзіне өзі сене алар емес жағдайдың куәсі болады. Оның сіңлісіне деген қызғаныш оты кернейді.  

 

Соған қарамастан, екі жас музыкалық өнер жолында арман қуып тәуекелге бел байлап Стамбулға қашады...

 

Тарыктың досы әрі музыкант Эрхан өнер жолында олармен бірге болады. Әрине, “Басқа түссе баспақшыл” демекші үшеуі небір қиындықты көріп, өмірдің қиындығына төтеп береді. Хатидже Стамбулда “Айпери” деген атпен елге танымал поп жұлдызға айналады. Бақыттан басы айналған Хатидженің өмірі жақсы жаңалықтарға толы болады. Бір күні телеграммадағы әкесінің көз жұмғаны оның көңіліне қаяу салады. Көп ұзамай Тарык та жол апатынан қаза табады. Мұндай жағдай Хатиджеге өте ауыр тиіп, оның қабырғасын қайыстырады. Тіпті, Хатидже “Айпери” деген танымал атақтан да айырылып қала жаздайды құлазыған көңілінен...

 

Артынша Эрхан Измирге көшуіне байланысты Хатиджемен қошасатын күн де туады. Осыншама қиындық пен жалғыздық  Хатидженің өміріне өте ауыр соққы боп тиеді.

 

 

Қаншама жылдар өтеді...

 

Альцгеймер дертіне шалдығып, қартайған Хатидже туған жеріне қайта оралады. Хабарсыз кеткен апалы-сіңлілі қайта жүздеседі. Өкпе-реніші қара қазандай болған Ханифе Хатиджені жылы қарсы алмайды.

 

Қарсы алмауының себебі, кезінде өлең жазылған өзінің дәптерін “арман қуып жұлдыз болуды армандаған” сіңлісі Хатидженің ұрлап кетіп “поп жұлдызы” болып хабарсыз кетуі еді. Және сол дәптермен бірге Тарыкты да алып кеткендей...

 

Фильм актерлары өз рөлдерін шынайы сомдап, достық пен махаббатқа адалдығын көрсете білген.

 

Айта кетер болсақ, Измирде түсірілген бұл драмалық фильнің режиссері - Чаған Ырмак. Фильм Түркияда көптеген жүлдеге ие болған. Фильмнің  музыкасын жазған Кенан Доғулу - «Ең үздік фильм музыкасы», ал  көркемдік жағын басқарған  Сойдан Куш  - «Ең үздік көркем туынды» атты марапатқа ие болған.

           

Поп музыка жұлдызы «Айперінің» қарттық шағындағы ролін танымал түрік актрисасы Хүмейра, жастық шағын жас актриса Фарах Зейнеп Абдуллах, ал Тарыктың ролін қазақстандық көрерменге танымал актер Мехмет Гүнсүр сомдайды.  

 


Поделиться:      
Оставить комментарий: