Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

ОТКРЫТОЕ МНЕНИЕ

27 ноября 2021
222
0

ЕЙ, МАХАББАТ!

          data-cke-saved-src=/upload/55968/2021/11/27/c65dcfd0da8117d5b62213fc2f3acb75.jpg                            Шашубай ШАЙМЕРДЕН

 

Тау ішінде әнін салып бұлбұл,

Мөлдір бұлақ төгіліп тұр таза.

                             Мұның бәрін азсынатын бір құл —

Адам ғана, таба алмай жүр маза.

 

Тағдыр деген өз дегенін істеп,

Қалды қазақ құр арманын құшып.

Сұрақтарын әр күндердің тістеп,

Самрұқ құс алыс кетті ұшып.

Сенімдерді алдап алыс сағым,

Көздер талды айыра алмай өңін.

Мақтан, ұрлық, сындырғанда сағын,

Ер жігіттер таппай қалды жөнін.

 

Бұл заманда байлық шықты алға,

Жер мен жанды, мұнайды да заңдап.

Еркіменен қыз да кетті шалға,

Қалтасының қалыңдығын таңдап.

 

Ел дегенде адал жанын сатпай,

Тәттілерін елмен бірге татыр.

Үміттіміз, тездеп келе жатқай,

Жер мен елін сүйе білер батыр!

 

Ұйып тұрған айран болса өмір,

Шекер қосып баптайды оны бақыт.

Кейде кенет өртенгенде көңіл,

Ем табатын емшің тек бір уақыт.

 

Ей, Махаббат, Отан үшін оян!

Отан біреу, күдеріңді үзбе.

Көз тігіп тұр орыс, шүршіт жоян,

Ар, намысты қайтарып бер бізге!

2020


Поделиться:
     
Оставить комментарий:
Captcha