Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Открытое мнение
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңаша серпіліс қажет

ОТКРЫТОЕ МНЕНИЕ

17 февраля 2021
770
0

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңаша серпіліс қажет

Биыл Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордасына биыл 100 жыл,  ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл, еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осынау тарихи мәнге ие мерейтойлардың қатар келуі қоғамда жалпыхалықтық, рухани және мәдени сипат алатын оқиғалар екені хақ.  Академия  жаңа дәуірде қайта жаңғырып, үлкен трансформациядан өту үстінде. Бірінші кезекте Академияның ғылыми зерттеулеріне ғылым және білім министрлігі тарапынан қолдау тауып отыр. Бұл ғылымға деген үлкен бетбұрыс.  

   

Қазіргі таңда білім беру саласында қоғамдағы өзгерістерге байланысты әлемдік деңгейде мектепке дейінгі білім беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарау қажет болып отыр.  Инклюзивті  білім  беру орталығының негізгі міндеті мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына ықпал ете отырып, білім жүйесіне жаңаша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу болып табылады. Осыған орай, ҚР БҒМ мамандары, ЖОО орындарының ғалымдары, үкіметтік емес ұйымдар, жеке балабақшалар бірлестіктері, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, ата-аналар қауымдастығының өкілдері бас қосты. Қоғамдық кеңес отырысында мектепке дейінгі білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтсақ, балабақшалардағы балаларды тамақтандыру, ауыл мен қала балабақшаларының айырмашылықтары, «мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау, осы саланы зерттеу жұмыстарына жас ғалымдарды тарту сынды мәселелерді ортаға салды. Педагог-мамандар Ұлттық іс-қимыл жоспарына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда ата-аналармен жұмыстың бағыттарын күшейтуді және ішкі жұмыстардың мазмұнын енгізуді ұсынды.

   

Академия президенті Ғани Бектайұлы «Ата-аналар тарапынан балаларының сапалы білім алуына қатысты сын-ескертпелерді үнемі назарға алуымыз керек. Мұндай тікелей байланыстар педагогикалық білім берудің тәжірибесін дамытуға ықпал етеді», – деп айрықша атап өтті.


Поделиться:
     
Оставить комментарий:
Captcha
Добавить произведение