Одна из причин пристрастия людей к порочному – безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь?
Абай Кунанбаев

Главная
Открытое мнение
АБЫРОЙ ПЕРІШТЕСІ

ОТКРЫТОЕ МНЕНИЕ

06 ноября 2020
1371
0

АБЫРОЙ ПЕРІШТЕСІ

(Лирикалық-биографиялық эссе)

 

Арман  деген есімді естіген сайын жүрегім еріксіз сыздайды. Сақалы бар сұңғақ бойлы, кең иықты, тұлғалы еді. Көздері қап-қара. Арабтың шейхтарына ұқсайтын. Ондай азамат кейін қайтып өмірімде кездеспеді...


Оны үш-ақ рет көрдім. Арамыз 13 жас болды.Оралдың мінезді, байсалды азаматы. Оны қорған көрдім, еріксіз еркеледім. Бірақ, шақырса да, келмей қоятын ем. Көруге асықпайтынмын. Ұшып жүріп сезіміне тым жеңіл, селсоқ, жай қараппын. Қалықтап кетіп, сезімге мән бермеппін...

Ол кезеңде қыз бала мен ер азаматтың арасындағы қарым-қатынасты түсінбек туралы, ондай ой болмайтын. Сенің өмір көрмей кеш жетілгендігің, балаңдығың, шың бейнеңді көрсетпегендігің бәрін басталмай жатып-ақ жоқ қылды. Қазір де кеудем ашыйды...

Арек деген бет пішіні ат жақты, азиаттарға тән көздері кішкентай, шаштары қою, белі қылдай гриммер құрбым бар. Дарынды қыз. Кешкісін отырып-отырып ойда-жоқта тез жиналып DRAFT- қа бардық. Үстімде қара вельвет костюм, клечатая юбка- мен тізеден асатын қонышы бар қоңыр былғары етік. Арекке мәжбүрлеп жабысып тұратын қара шалбарым мен водолазкамды кигізгенмін. Жүрген жерімде біреуді киіндіргенді ессіз ұнататынмын. Кім киім таңдаса да, қасында жүретін сол баяғы мен. Әрең қойдым...

Біз екеуміз ақырын әңгімемізді айтып, кофе ішіп отырмыз. Іште адам орташадан көп, бірақ тыныш. Бәрі жайма-шуақ жайғасып тамақтанып отыр. Ол кезде контингент сапалы болатын. Кім көрінгенді кіргізе бермейтін. Кейін сол жер талғампаздықты таза ұмытты...

Сол түннен тіпті де ештеңе күтпедік. Әдеттегідей биді өлердей сағынған түріміз байқалмайды. Бізге тән емес, бірақ бірқалыпты, керек десеңіз қызуқанды, қаны ойнап тұратын екеуміз үшін тым тыныш, үнсіз күйдеміз.Өз-өзімізге еш ұқсамаймыз. Бізден сабырлықтың, асқан сенімділіктің, гармония мен тұрақтылықтың иісі аңқып тұрғандай...

Кенет олар келді. Қасыма бейтаныс жас емес азамат келіп бір сөйлем айтты да қолын созды, нақты не айтқанын қазір еске түсіре алмадым. Мен бір жымыйдым да, күлімсіреп қолымды ұсындым. Қарасам, Аректі де Арманның досы шақырыпты. Алдымызда екеуі би алаңына кетіп барады. Шамасы, екеуі бірге келісіп қатар келген ғой.

Вальс билеп жатырмыз. Оның жүзінен күлкі кетпеді. Дәстүрлі сұрақтар қойды. Мен Шабытта соңғы курста оқитынымды, мамандығым кинотеледраматург екенін айттым... Ол орыс тілді еді. Қазақшасы тым нашар. Мен кіргенде сізді байқамаппын дегеніме, орысша Кеш келдім. Қарасам, ортада бір өзгеше қыз өзгешелеу билеп жүр. Көзім түсті. Бұл қыздар қашан келді? деп сұрасам, досым білмейді. Орныма отырмастан, кеттік дедім. Неге кофе ішіп отырсың? Мүлде ішпейсіз бе сонда? деп ауыр сұраулы көздерін тастады маған Арман. Маған болмайды... деппін мен де сасқанымнан. Неге екенін сұрағанында Жоқ, қаламаймын. деп ақырын жаба салдым. Бұның себебінің өзі бір оқиға...


Билеп болған соң бүкіл танцполды айналдырып бейне бір баллдағы ханшайымдай зор сүйіспеншілікпен, өзгеше жылулықпен, әспеттеп орныма апарып жайғастырды. Танцполдың қасындағы үстелде отырған түріктердің қабақтары түйілді. Бағанадан бері тым батыл көз тастап, өткен сайын түрікше әңгіме айтып қалып жатыр еді. Қылмыңдаған басқаларының да үндері өшті. Арман соның бәрін сезіп әдейі істегендей. Кейін айтып қалғаны бар Поклонниктарын көп, бәрінің көзі сенде болды. Көрдім деп. Бірақ, ол мұны жақтырмай суық айтты.Сосын Риза, ондай жерлер сен баратын жер емес. Сен түсінбейсің... деді. Туууу, Арман, сіз түсінбейсіз мен тек би үшін барамын. Әрине, сіз де сенбейсіз. Түнде жүргендердің бәрін бірдей көресіз. Биді жақсы көремін ғой..., Иә, көрдім... деді бір ауыз қатаң үнмен. Мен үнсіз бұртиып қалдым... Бірақ, іштей  ашулымын. Біреу менің ең қадірлі еркіндігіме қол сұғып жатқандай, мені тәрбиелегісі, өзгерткісі, басқарғысы келгендей әсер қалдырды. Тек қазір ғана қысқа ойлы, тәккәппар, мен-мен болғандығымды білемін.
Сол түні біз тек бір-екі сағатқа ғана шыққанбыз. Бір сағаттан аса ғана отырдық. Бағанағы биден соң бірден шығып кеттік. Есіктен шығып, үш-төрт баспалдақан аттай бергенімде есік тарс етіп, ол жүгіріп келді қасыма. Риза,  неге ерте кетіп барасыз? , Таңертең ерте тұруым керек... дедім. Мен де кино түсіргім келеді, сізге сұрақтарым бар. Нөміріңізді жазып алсам..., Жақсы. дедім ойланбастан. Жазып алды. Кейін түсіндім ол сөзі жалған болған. Бес минут тұра тұрыңызшы, кілтімді алып келейін үйіңізге апарып саламын деді. Екі-үш минуттан соң қайта шықты. Маған шамалы ішкенмін, көлікке отыруыма болмайды, жолдасым да ішіпті. Сізді таксиге отырғызып жіберуге рұқсат етіңіз. ,Жоқ, қажет емес. Өзім... , Жоқ, отырғызып жіберемін! , Иә... дедім амалсыздан. Таксиді ұстап, мекен-жайды мұқият айтып, бізді ағамыздай салмақтап жақсылап тапсырып қойды да ақысын төледі. Мен үшін алғаш бөтен біреу төледі. Әрі Арек екеумізді бұлай шығарып салған жігіт  сол уақыттарда тек жалғыз Арман болды.

Ертеңгі күні Түнде Арман деген жігіт саған хабарласты дейді Айко апа. Ой, Айко апа, неге көтердіңіз тұтқаны?.. деп ызындадым. Не айттыңыз? Риза үйде жоқ, телефонын тастап кеткен дедім. Артық ештеңе айтқан жоқпын деді әпкем мейірім төгілген жасыл-сұр көздерімен мысыққа ұсталып қалған бозторғайдай қорғансыз, аянышты кейіпте. Рақмет-рақмет, аппағым, Айко апам! деп құшақтап алдым арқасынан. Арманмен сөйлесіп жүрдік. Театрға, тамақтануға, саябаққа тағы бір осы іспеттес орындарға барайық дейді. Кездесу дегенді табиғатым қабылдамай қойды. Мен бос емеспін, бара алмаймын деп сылтауым бітпеді. Кейін оның да уақыттары болмай қалды. Ақыры бірде кешкісін досы үшеуміз кездестік, тамақтандық. Бірақ, мен тек кофе іштім. Бөтен ер азаматтармен отырсам, ұялғанымнан тамақ өтпейді. Жарты сағатай әңгімелесіп отырдық та, бірінші мені үйге апарып тастаңызшы дедім.

Үшінші кездесуіміз қара түнде сағат он екіде болды. Сыңарымның үйінен алып кетті. Көлігіне отыра бергенімде әлі суықтау деп артқы жақтан бір шағын бөстек алып орындыққа зор ілтипатпен салып берді. Тамақтанғым келмейтінін айттым. Ол өзі тамақтанды. Жол бойы сөйлестік. Аз сөйлейтін. Тек менің мөлдіреген, тұңғиық жанарымнан үнсіз көз алмайтын. “Батып кетесіз ғой құр босқа… ” деп іштей аяп отырдым... Автобустарда да танысқысы келіп көздеріме тікке бақырайып қарайтын ыржыңдаған әзілқұмар жас жігіттерге “Тұншығып қаласың, балақай, сабыр ет! ” деп тұратынмын қарасыммен-ақ. Көбіне-көп дәттері шыдамай үшті-күйлі жоқ болатын. Ал өзіме әлдебіреу сырттан ұнап қалса, тек суретіне үнсіз, жасырын қарап-ақ шексіз бақытқа кенелетінмін. Солай күш алатынмын. Одан артығын тілемегенмін...

Тосыннан қолың тоңып қалмады ма деп Арман қолдарымды ұстап уқалап жатты. “Келші” деп бауырына басқысы келді, тоңбадым дедім де тартыншақтап оңға есікке қарай сытылып шықтым. Басын менің иығыма қойды, үнсіз. Құшақтай бастады. Қызық мен оқыстан қатып қалдым, тым салқынқандымын. Әдетте, адамның есін шығарып атойлап үркіп шошыр едім.

 

Арман, әуре болмаңыз, сезбеймін! дедім бірқалыпты, сенімді үнмен. Ол әрине доғармады. Мойныма қолдары кетіп бара жатты... Мен таңертең асылып өліп қалады деп қорықпайсыз ба? дегендей екі сөйлем ғана айттым суық түрде, бірде-бір эмоциясыз. Ол көңілсіз, сезімсіз тоқтап қалды. Мен де үнсіз, сезімсіз  дереу шығып кеттім. Үйге кіргенімше қарап тұрды. Орта жолға келгенде Арманға қарадым да, қолымды Қош! дегендей айбарлана қатты сермеп қалдым. Соңғы ишарат сол болды...

Сол сәтте сезімге ерік беру туралы ой да кірмепті көкейге. Періштелерім қақты. Әрине, бұлардың сыңғырлаған үндерін де естей алатындай рухани деңгейге жетпедім. Әйтсе де, қасымда жүргендерін кішкентай кезімнен қатты сеземін, екі-үш рет қана көргенім бар. Бірақ, кейде мені тексермек болып олар да арнайы кетіп қалады. Сонда не болмақ? Нәпсілік махаббат тым қауіпті... Жоғарыдан рұқсат жоқ сезімдерге әуелден жоламаған жөн. Ол қалады. Мен сол алып-ұшқан 22 жасымда  оның жанын да, тәнін де бейсаналы түрде қаламадым. Екеуміз екі бөлек өмірлік сатыда едік. Мен үшін некенің қасиеті бар. Бұл нәзік сезімдерге заңды ақ некемен ғана жол беруге болады. Басқаша жол жоқ! Шайтанның тұзағына түсіп қалмағаныма кейінірек саналы түрде 23 жасымда барып бірақ шүкір еттім. Әйтпесе, өзімді өмір бақи мәңгіге сыйламай өтер ем. Тіпті, жер басып тірі де қалмас ем. Ал егер тірі қалсам да, тірі өліктің жансыз өлі күйін кешер ем. Алламның да, періштелерінің де алдына ұялмай емін-еркін бұрыңғыдай бара алмас ем...

 

Абзалы - қыз балаға түнде себепті-себепсіз жүрмеген жөн. Ақшамнан бастап үйде отыруды әдет қылу керек-ақ. Біз білмейтін, сөзбен түсіндіріп бере алмайтын тылсым көп. Қараңғылықтың өз зияны бар. Түнде лас жерлерде шашыңды жайып тастап дәретсіз жайбырақат жүргенде бар қара күштер көтеріліп, кесір келтіруі мүмкін. Тым құрмаса тісіңді таңертең-кешке жуғандай дәретіңпен ғана жер басуды әдет қылсаңыз, олар сені сақтап қалады...

Сізге сонда көмектесе алады.
 

Арманның менің көзімше ұлымен Великолепный мой! деп сөйлесіп жатқанын көретінмін. Ұлын өлердей ессіз сүйген әкені сонда көрдім. Ол маған алты жыл бұрын ажырасқанын, бір ұлы барын басында бірден ашық айтқан. Мен онсыз да өмірі жас жігіттерге ер азамат ретінде қарай алмайтынмын. Іні ретінде ғана болмаса. Сол сәттерде де маған шынайы әрі көбірек ғашық болатындар да өзімнен әлдеқайда үлкен ер азаматтар болатын. Сондықтан, ұлы барына таңғалмадым, тіпті мән де бермедім. Бір болсын кездесіп көрейінші болды деп өзіме әрең рұқсат бергенмін. Өзімді жеңіп кездесуге бару деген тым ауыр, қиын маған. Білмеймін, өзім қатарлы қыздар құсап жігіт пен қыз секілді жеке кездесулерге баруға еш құштар болмадым. Түсінікісіз... Өзім де жалпы қарама-қайшылыққа толы түсініксізбін.

Бірақ, үш кездесуден де танып үлгермеген өмірімдегі жалғыз бейтаныс, белгісіз болып қалған ер азамат сол ғана. Әдетте, маған бір көру, бір сөйлесу жеткілікті. Мен де оған ашыла алмадым. Шын өмірде уайымшыл, жүрегі жұмсақ,  рухани Риза екенімді көрсетпедім. Оның көз алдында қамсыз, қияли, сезімге тұрақсыз, тым шолжаң қыз болып қалдым. Ылғи солай бірден ашыла алмаймын, адам таңдаймын. Күй талғаймын. Көңілдің адамы болған осындайда аса қолайсыз...


Поделиться:
     
Оставить комментарий:
Captcha