ОТКРЫТОЕ МНЕНИЕ
Мағынасы өзгерген сөздер

Кейбір сөздердің әлдебір замандарда мағынасы өзгеріп кеткенін көреміз. Солардың қатарында ДӘРЕТХАНА сөзі бар.
Негізі таһарат (араб) - намаз алдында жуыну, біздің түсінігімізе, дәрет алу дегенді білдіреді. Ал таһаратхана - намаз алдында тазарып, жуынатын орын дегенді білдіреді. Яғни, ДӘРЕТХАНАДА мұсылман қауымы бет-ауызды, қол-аяқты жуып дәрет алады. Онда ешқандай физиологиялық әжет өтелмейді. Өзге діндегілердің туалеті (жорлон) ұғымын ДӘРЕТХАНА емес ӘЖЕТХАНА береді.
Келесі бір сөз - САРАЙ. Сарай - түркі халықтары ұғымында сәулеті келіскен еңселі ғимарат. Хан сарайындай, кең сарайдай деген ұғым осыдан қалыптасқан. Орыс-славян халықтары түркілерге ғасырлар бойы бодан болған ызыты үшін мал қораны САРАЙ деп атап мұқатудан туындаса керек. Осы үрдіспен, яғни салт-санасында орыстану әсері бар өңірлерде мал қораны САРАЙ деп айта береді.
Бұл белгілі деңгейде ұлттық, діни құндылықтардың мансұқталып, аяқ асты етілуі болып саналмай ма?
Мұндай қаншама сөз бар десеңізші!