Никто не пишет литературу для гордости, она рождается от характера, она также выполняет потребности нации...
Ахмет Байтурсынов
Главная
Авторы
Тобаяқов Бақытжан

Тобаяқов Бақытжан

Рейтинг:
Биография
Книги
Аудиокниги
Персонажи
Аудио файлы
Об авторе
Кураторы

Ақын, ғалым, аудармашы, публицист Тобаяқов Бақытжан Ошақбайұлы 1953 жылдың 21 сәуірінде Талдықорған (қазіргі Алматы) облысының Гвардия ауданындағы Бостан ауылында туған, Талғар ауданының Тұздыбастау кентіндегі орта мектепті алтын медальмен бітірген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеттерінде білім алған. Еңбек жолын 1972 жылы Өскемен ЖЭО-да қарапайым жұмысшыдан бастаған. Академик Ш.Шөкин атындағы Энергетика ғылыми-зерттеу институтында, мемлекеттік органдарда, көптеген газет-журнал редакцияларында, «ХАБАР», «ТАҢ» телеарналарында қызмет істеген. Қазір Астанадағы ұлттық «КЕGОС» компаниясында менеджер.

Ол Қазақстан Жазушылар (1993ж.), Журналистер (1987ж.) одақтарының мүшесі. Халықаралық Түркі поэзиясы, Абай поэзиясы сыйлықтарының лауреаты, академик С.Бәйішев, Ә. Бөкейханов атындағы, Журналистер конгресі сыйлықтарының иегері.

Нәзір Төреқұловтың, Үмбетей жыраудың, Қарсақпай комбинатының, Астана қаласы мен ұлы Абайдың, Тәуелсіздіктің  мерейтойларына арналған мүшәйралардың жүлдегері.

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының мүше-корреспонденті, профессор, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Мәдениет саласының үздігі, Алматы облысының және Алматы облысы Кербұлақ ауданының құрметті азаматы, республиканың еңбек сіңірген энергетигі. 

52 кітаптың авторы. Соңғы «Қобыз сарындары» атты кітабы АҚШ-тың Нью-Йорк шаһарында басылып шыққан (2015ж.). Орыс ақындары А.Сумароковтың, С.Есениннің, тәжік ақыны Г.Сафиеваның өлеңдерін тәржімалаған.

Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Сейфуллин көш., 40, пәтер №10.

Тел. 8-71-72-43-69-65 (үй)

8-71-72-69-04-13 (жұм.)

8-71-72-69-04-14 (факс)

Ұялы: 8-701-60-70-515

Элетрондық мекенат:

tobayakov_b@mail.ru

Tobayak@kegoc.kz