Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖОЛДАУ
Ұрпаққа сапалы білім беруге мүмкіндік жасалады ...

06.10.2018 4183

Ұрпаққа сапалы білім беруге мүмкіндік жасалады

Ұрпаққа сапалы білім беруге мүмкіндік жасалады  - adebiportal.kz

Елбасының Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында қоғамның барлық саласы үшін маңызды мәселелер қамтылғанына куә болдық. Ондағы өзім қызмет жасайтын білім саласына қатысты міндеттер – біздің алдағы жұмыс бағдарымыз болмақ. Бұл әрі еліміздің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің сапасын арттыруға үлкен стимул деп білемін. Елбасы Жолдауда былай деді: «Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырамын». Міне, бұл өзім жұмыс жасайтын сала үшін көптен бері серпінді шараларды күтіп отырған мәселе еді.

Елбасы Жолдауындағы мені елең еткізген тағы бір жаңалық – келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдауға ұсыныс айтылды. Расында да мектепке дейінгі, бастауыш, орта білім беру мекемелеріндегі ұстаздар мен тәрбиешілердің қоғамдағы беделі қазіргі таңда жоғары деп айта алмаймыз. Міндетті түрде педагог мәртебесі заңмен бекітіліп, қорғалуы керек деп есептеймін. Осы тұрғыда Елбасының бұл ұсынысын толықтай қолдаймын. Сондықтан да «Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс», - деп Елбасы атап көрсеткеніндей, жас ұрпаққа алаңсыз саналы тәрбие, сапалы білім беруге мүмкіндік жасалады деп білемін.

Үміт Томпайқызы,

мектепке дейінгі білім беру саласы маманы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар