Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Тобылғы торы толғауым» әдеби-сазды кешіне шақырам...

15.12.2023 1902

«Тобылғы торы толғауым» әдеби-сазды кешіне шақырамыз 14+

«Тобылғы торы толғауым» әдеби-сазды кешіне шақырамыз - adebiportal.kz

Астанада «Тұлпар» әдеби сыйлығының иегері, танымал ақын, жазушы, этнограф Бауыржан Шормақұлының 60 жылдық мерейтойына орай «Тобылғы торы толғауым» әдеби-сазды шығармашылық кеші өтеді. Кеште есімі елге белгілі әншілер Толғанбай Сембаев, Еркін Шүкіман, Гүлмира Сарина, Дәуренбек Аркенов, т,б өнерпаздар өнер көрсетеді, әдебиеттанушы-зерттеушілер, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысады. Ақынның өлеңдері оқылып, өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертіледі. Мерейтойлық кеш барысында қаламгердің «Қайран шешем», «Ой түбінде жатқан сөз» жыр жинақтарының таныстырылымы өтеді. 

Түрлі салада, әр жанрда қалам тербеп айтысқа қатысқан, халықтық мұраларды жинап, зерттеп-зерделеген сан қырлы талант иесі Бауыржан Шормақұлының шығармалары мен жинап-құрастырған еңбектері 20 ға жуық кітап болып жарыққа шықты. «Қорамсаққа қол салдым», «Қоламта», «Қандауыр» жыр жинақтары мен «Тағдыр» атты прозалық кітабы оқырмандар қолынан түспей, 20000 данамен таралған.  Оқырманы ең көп қаламгер ретінде танылған Шормақұлының шығармаларында өр рух, ұлттық құндылық, азамататтық болмыс, нәзік иірім, астарлы ой, пәлсалық ұғымдар мен терең пайымдар көрініс табады. 

Халықтық мұралардың жанашыры ретінде алашшыл ақын Таңжарық Жолдыұлының мұраларын жинап, «Таңжарықтың басылым көрмеген шығармалары» деген атпен кітап шығарды. Ел ішінде сақталған айтыстар, аңыз-әңгіме, өлең-жырлар, қисса-дастандар, мақал-мәтелдер мен әзілдерді жинап, құрастырып оқырманға ұсынды. 1982-2005 жылдар арасында сан рет аламан айтыстарға қатыса жүріп, өзі туып-өскен Күнес ауданынан бүкіл Шыңжаңға танымал болған ақын-термешілер, жыршылар мен қисагерлер қосынын қалыптастырып, жүзге жуық шәкірт тәрбиеледі. Ұлтына бар күш-қуаты, қалам-қайратымен қалтқысыз қызмет еткен ақын әрі қайраткер перзенттің қазақ руханиятына қосқан үлесі мен олжасы мол екені даусыз. Оның куәгері болғыңыз келсе мерейтойлық кешке келіңіз!

Мекен-жайы: Е.Рахмадиев атындағы Астана мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залы, Кенесары көшесі 32

Басталуы: 18:00


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар