Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

10.11.2021 4195

Тәуелсіздік хроникасы. 2006 жыл 12+

Тәуелсіздік хроникасы. 2006 жыл - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әдебиет порталы» «Тәуелсіздіктің рухани хроникасы» атты цикльді жоба өз жалғасын табуда. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің әрбір жылындағы ұлт, мемлекет руханиятына қатысты елеулі оқиғаларды сол кездің куәсі аға ұрпақтың санасында жаңғыртып, бүгінгі жас буын үшін тарихтан тағлым ретінде ұсынамыз.

2006 жылдың рухани хроникасы

2006 жыл - Еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 15 жыл толуымен есте қалды. Осы жыл ел руханиятында айтулы жаңалықтар мен қатар зор алға басушылықтар болды. Осы орайда өткен күндердің ескі парағында қалған аяулы мезеттерді сіздермен бірге парақтап көруді жөн санадық.

11 қаңтар. Астана қаласынды Мемлекет басшысының резиденциясы ресми түрде ашылды. Президенттің елге қызымет көрсетуге арналған орталығы, салтанатты ұлықтау рәсімі сипатында аталып өтті. Өткен жылғы президент сайлауының жеңісінен кейін, Қазақстан Президентін ұлықтауға әлемнің 70-тен аса мемлкекетінің ірі өкілдері қатысып, ел мерейін асырды. Спорттың он бес түрінен сексен төрт медаль сарапқа салынды.

10 ақпан. Осы жылы ақпан айының 10 жұлдызы мен 26 жұлдызы аралығында Италияның Турнинде қаласында Халықаралық қысқы олимпиада ойындары болып өтті. Осы реткі қысқы додаға сексен елден екі жарым мыңнан аса спортшы қатысты. Бұл реткі әлемдік байқауда еліміз спортшылары ұлт мерейін асырып қайтты.

22 наурыз. Бұл күн тұтас қазақ жұртшылығы үшін аяулы мереке, айтулы күн. Алаш баласы үшін жаңа жылдың басы, ескі жылдың соңы. Осы күні Алматы, Астана қалаларымен қатар бүкіл республикамыздың қалаларында жыл басы – әз наурыз тойланады. Соңғы рет 1926 жылы тойланған бұл меркеке, Тәуелсіздік алған жылдары, нақтылап айтсақ 1989 жылы ел құшағына қайта оралды. Содан бері айтулы мереке ел рухын көтерген, ұлт мақтанышын үстем еткен ұлттық мейрамға айналып отыр.

4 сәуір. Мәскеу қаласында Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды. Мәскеу қаласының Чистопрудный бағында ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен Абай ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Ескерткіш Мәскеу жұртының қазақ халқына деген ыстық сәлемі, рухани үндестігінің жаршысы болып бағаланды. Сол кездедегі деректерге сүйенсек ескерткіштің құны еліміз ақшасымен 160 милион 800 мың теңгені құрайды. Ескерткіштің жобасын Қазақстанның танымал мүсіншісі М. Әйнеков пен дизайнер Т. Сүлейменов басшылық еткен авторлық ұжым жасаған. Ұлы ақынның ескерткіші күні бүгінге дейін Мәскеу төрінде тұр.

16 мамыр. Астана қаласы «Конгресс-Холл» сарайында «Асқақта, Астана!» атты республикалық ақындар айтысы болып өтті. Бас жүлде белгілі айтыс ақыны, филология ғылымдарының кандидаты Аманжол Әлтайға бұйырды. Айтыста оза шапқан Аманжол ақынның құрметіне, қала әкімдігі «Волга» автокөлігін мінгізді.

25 тамыз. Жазушы, әдебиетші, филология ғылымдарының докторы, ұстаз Зейнолла Қабдолов дүниеден озды. Зейнолла Қабдолов саналы ғұмырын ғылым жолы мен ұстаздыққа қатар арнаған аяулы тұлға еді. Өмірінің соңғы жылдарына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін басқарып, артына ұшан-теңіз еңбек пен сапалы шәкірттер қалдырып кетті. Зейнолла Қабдолов өз өмірінде сан-саналы жанрда еңбек етті. Проза, драматургия сияқты жанрларда да айтулы туындылар ебрді. 1998 жылы «Менің Әуезовым» атты тарихи-романы үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

18 қыркүйек. Осы күні Алматы қаласында Желтоқсан уақиғасының 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік таңы» атты ескерткіш ашылды. Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арнайы ашылған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің ашылу рәсіміне мемлекет басшысы арнайы қатысты.

9 қараша. Мемлекет басшысы елордалық "ШЕЖІРЕ" галереясында ашылған А.А. Ақанаевтың жеке көрмесін тамашалады.

15 желтоқсан. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандықтарды тәуелсіздігіміздің он бес жылдығымен құттықтады. Президент өз құттықтауында: «Қазақстанның посткеңестік елдер арасында реформалардың көшбасшысы ретінде танылғанын, бұрынғы КСРО мемлекеттерінің арасындағы нарықтық әлеуетке ие экономикасы бар ел екедігін, және еліміздің мәртебесінің жылдан жылға артып келе жатқанын сөз етті. Осы жылдар аралығында еліміз ядролық қарудан бас тартты. Және әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізді, терроризмге қарсы күреске белсене араласты. Халықаралық бітімгершілік миссияларына қатыса отырып халықаралық бастамалардың нәтижесіне қол жеткізіп келе жатқанын ерекше атап өтті».

Осы жылғы әдебиеттің ең үздік жаңалықтарының бірі – жазушы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасымен мемлекеттік сыйлық алуы болыды. Сонымен қатар, ақын Есенғали Раушанов «Бозаңға біткен боз жусан», ақын Күләш Ахметова «Құт» атты жыр кітаптары үшін еліміздің ең мәртебелі Мемлекеттік сыйлығын алды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар