Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК
Сұраған Рахметұлы. Алтыншапақ - ақын қыз...

20.06.2023 1143

Сұраған Рахметұлы. Алтыншапақ - ақын қыз 14+

Сұраған Рахметұлы. Алтыншапақ - ақын қыз - adebiportal.kz

Алтыншапақ. Ақын қыз. Ертеден тұңғыш өлеңдерімен таныс едім. Жинағына арналған жазбалары жинақы жасалыпты.«Қыздың жинаған жүгіндей» мүлтіксіз жинақы жұғымды назымдар. 

Сарғайып, сағынатын мың, 

Көңілдің самғайтын құсы. 

Ақ кебін жамылатын-ды, 

Алты ай қыс – Алтайдың қысы. 

Сан қиял тербетер еді, 

Балалық – шекердей шері. 

Сол бір үй жер бетіндегі, 

Ең жылы мекендей еді. 

Сол мұңнан жиі сіміргем, 

Жақыным – қараша қары. 

Аңсатты иісі сіңген, 

Анамның қара шапаны. 

Ауылдан қалаға барғандағы ақын қыздың қырдағы санасымен сызылған сүгіреттер тартымды. 

...Қала. Түн. Көліктің әйнегі... 

Елестеп біреудің Ай реңі…

Ширату, шарықтату арқылы шалыс оймышпен түгел сызылған шағын жазбалар осы «Ай шапағында» мол екен. Ол күнделікті ізденіспен із кесіп жүргендей сезілді! Жас ақынның көз алдыңда өз санасымен жазуға сұқтана қарауы кереметтей! Ол әр жыр сапарында ~ «өлең болып төгіле береді...» Самалға қарап, жанын желпитін ерекше бір тыныс тілейтін ақын қыздың өлеңдері түгелдей сүгірет бола алмаса да, түймеш-түймеш тамшылармен түзімделген (симуляция) сонша қонымдарға бай. 

Қиналудың, қамығып керегі не? 

Үңіл, жаным, 

жаныңның тереңіне. 

Құмартатын əрдайым 

жылылыққа əр, 

Адамда бір ғаламат 

ұлылық бар. 

Құстар ұшса көлді аңсап

 жырақтарға, 

Балапан тал көшеде 

бүр атқанда. 

Поэзия деген қоңыр қоным, санадан тамған нәз. Нәзиралық кептердің аражігінде осы замандық азаматтардың пайымы көрінеді. Ай шапағы ерекше құбылыс. Айға қарап тұрып қос қолыңды көтеріп сауап сұрасаң, жалбарынсаң бір жеңілдік сыңымын сезінесің. Өлең де солай болады. Меніңше Алтыншапақтың айшықтарында осындай күш бар. Сенімді, нақты хаһи айтарымен ұсынылады. Ай шапағының өзі айтқан ~«Ескі әннен, әуеннен, ырғақтан...» үн сауып, жәуһер түзеді. 

Ескі әннен... 

Үнінен ырғақтың, 

Есіме сен түстің, қымбаттым. 

Сөзінен сезім боп тіл қаттың, 

Жанымды тербеді жұмбақ мұң. 

Дүниеде ескі әннің бір ырғағы еске оралса болғаны рух жаныңмен өткенге барып қайтатының бар. Сол тұрғыда поэзия, өлеңнің өң бетінен де ішкі өңіріндегі тылсымның ойнап тұруы өміршең күйге өзіңді сүйрей берері ерек дәмді! 

Кейінгі келе жатқан ақындарды нәсілге бөлуге келмейтін бір жайы бар. Ол, азаматтық сарынның ер мен ұрғашыға күшті лебі. Сол сарынды сағынышқа орап сананы жаңғыртып жүрген бірен-саран ақындар болса солардың көшбасында осы Алтыншапақтар бар. Не десек те таза, ішкі бұла сезімі есе пәк. Оны әр өлеңінен дереу жұқтырып алуға да болады! Ол, жылдар ұрлаған жырларына наз айтады! Ерекше жағымды шумақтарымен, етене жаңғыр үнімен ептеп айтады! Қысқасы, оның өлең тілінде айта алатынында. Шебер шағын, шарғын тәсілмен! Ай шапағы бұла ақын қыздың көкірегінен өріп арапайымдық ғайыпи өріс жасайды. Ендеше сәт сапар тілек ету оқырманға аманат, ізге борыш! Көресіздер ағайын: Ай шапағы өңірге сүт мұнарын көшіріп, көк жүзінен көлемге бір сапар жасайды әлі. Таң бозынан керіле оянған кермарал даланың кең тынысына шомылған ақын қыз Алтыншапақ Қаутайға тілекші болумен қатар ниетімізді де нұсқалап бердік!!! 

Сұраған Рахметұлы, ақын


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар