Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
"Сіз мені сүйесіз бе?" атты поэзия кешіне шақырамы...

21.08.2023 1717

"Сіз мені сүйесіз бе?" атты поэзия кешіне шақырамыз 14+

"Сіз мені сүйесіз бе?" атты поэзия кешіне шақырамыз - adebiportal.kz

Қадірлі поэзия сүйер қауым!

Жазды жырмен шығарып салып, сағыныш мезгілін сазбен қарсы алайық! 

Поэзия  бекзада өнер. Ол көркем әлемге дайындығы жоқ кез-келген адам еніп кете алмайды.

Поэзияны түсіну үшін сол эстетика, сол темперамент, сол тереңдік, сол образдар, сол  махаббат адамның ішінде болуы керек. 

Алматыда 23 тамыз ғажап поэзия кеші өтеді. Кештің атауы "Сіз мені сүйесіз бе?"деп кездейсоқ қойылмаған. Бұл кеште тек махаббат лирикасы оқылады. 

Атмосфералық кеште қазіргі заманның ғажап ақындары  Танакөз Толқынқызы, Ерлан Жүніс, Жангелді Немеребай, Әмина Адайхандар өз жырларын оқиды.

Сонымен қатар ақындардың сөзіне жазылған әндерді жанды дауыста орындауға бард әншілер мен композиторлар келеді. 

Олар  Нұржан Ахметбек, Аққу Байжігіт, Айгүл Бажанова, Әділет Әдікен, Бейбарыс Қаба, Роза Әлқожа. 

Бұл  поэзиялық атмосфералық кеш. 

2 сағат бойы руханият өкілдері үшін ләззатты шақ. 

Сирек өтетін поэзия мерекесінен қапы қалмаңыз! 

Өтетін уақыты: 23 тамыз, сағат 19.00

Өтетін орны: Алматы қаласы, БЦ Алматы Тауерс, Байзақов, 280

Билеттер сатып алу үшін: 87072427515 телефонына хабарласыңыз. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар