Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазақтың құдіретті Құнанбайы» жыр мүшәйрасы!...

24.04.2024 1512

«Қазақтың құдіретті Құнанбайы» жыр мүшәйрасы! 12+

«Қазақтың құдіретті Құнанбайы» жыр мүшәйрасы! - adebiportal.kz

Абай облысы, Абай ауданы «Құнанбай қажы» қорының ұйымдастыруымен дала Данышпаны, аға сұлтан, қажы Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойына орай  маусым  айында  республикалық жыр мүшәйрасы өтеді.

Мүшәйра шарты: 

Бірінші шарт: Мүшәйраға жасы 18 жастан жоғары ақындар қатыса алады. Әр қатысушы екі өлең жолдауы тиіс.

1) Аға сұлтан, қажы Құнанбай Өскенбайұлына арнау өлең. Өлең 15-20 шумақтан кем емес болуы шарт. (Дастан, толғау, баллада)

2) Еркін тақырыптағы өлең. 

Екінші шарт: қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекен-жайы, электронды поштасының мекен-жайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақырыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі жіберілуі тиіс.

Үшінші шарт: шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен)  ұсынылуы қажет;

- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;

- қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;

- қабылданған шығармалар авторға кері қайтарылмайды;

Мүшәйра кезеңдері:

1. Іріктеу кезеңінде қазылар алқасы барлық қабылданған шығармаларды саралап, ақтық сынға шығатын үміткерлерді іріктейді. Ақтық сынға өткен үміткерлерді арнайы хабарласып шақырады.

2. Ақтық кезеңге іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер қатысып, өз шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу арқылы өнерлерін көрсетеді.

Мүшәйраның жүлде қоры:

Мүшәйраның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады.

Жүлде мөлшері:

1 орын (біреу) – 3 бас жылқы; 

2 орын (біреу) – 2 бас жылқы; 

3 орын (біреу) – 1 бас жылқы; 

7 ынталандыру сыйлық;

Қатысушылар жол шығынын өздері көтереді. 

Мүшәйраға қатысу:

Мүшәйраға қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2024 жылдың    20 мамырына дейін   abay_eli_1@mail.ru  электронды поштасы бойынша қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 747 318 59 26 Алуа

                                                                                                       Қосымша 1

 «Қазақтың құдіретті Құнанбайы» атты республикалық мүшәйрасына

қатысуға өтінім үлгісі:

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы, айы, күні

Облыс, қала, аудан атауы

Жұмыс/оқу орны

Байланыс телефондары

Екінші файлда:

Мүшәйра талабына сай екі тақырыптағы өлең.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар