Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖОЛДАУ
Мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін...

09.10.2018 6878

Мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру

Мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру - adebiportal.kz

Мұғалімнің мәртебесін көтеру туралы Елбасының «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын» деп айтқан сөзі мұғалімдерді қуантты. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс.

Егемен елімізді өркениетке жетелейтін білімнің бастауында мектеп, ал, сол мектепте жас ұрпақ бойына білім нәрін беретін ұстаз тұрады. Мұның өзі бүгінгі таңда мұғалім беделін арттыру, оның мәртебесін көтеру өзекті мәселе екендігі дау туғызбаса керек. Мұғалімдердің мәртебесін көтеру – елдің мәртебесін көтеру. Біз ұстаздар Елбасына Ұстаздардың атынан үлкен рахмет айтамыз.

Нұржамал Саденова,

29 жыл орта мектепте сабақ берген ұстаз


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар