Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мақала жазып, қаламақы ал...

18.09.2023 1284

Мақала жазып, қаламақы ал 14+

Мақала жазып, қаламақы ал - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Тіл саясаты комитеті

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетенін әзірлеудің

ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жаһандану кезеңіндегі терминологияны дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақалаларды қабылдау талаптарын белгілейді.

ҰСЫНЫЛАТЫН ЕҢБЕКТЕРДІҢ МАЗМҰНЫ

«Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетендерінде жарияланатын мақалалар мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:

  • Салалар бойынша жаңа терминдер мен олардың негіздемелері, жаңа терминдердің шығу тегі, тарихы, мазмұны;
  • Терминдерді біріздендіру мен іріктеудің мәселелері, оларды шешу жолдары, шетелдік тәжірибелер, олардағы қолданыстағы критерийлер мен олардың қазақстандық ортаға бейімділік талаптары;
  • Терминдердің қоғамда қабылдану жолдары, олардың тәсілдері, тәжірибелер мен нақты нәтижелер, байқау нәтижелері;
  • Бұқаралық ақпараттағы терминдерді пайдаланудың өзекті мәселелері, проблемеларды шешу жолдары, қазақ терминологиясын дамытудағы рөлі;
  • Терминдердің қолданыстағы сипаты, өміршеңдігі немесе өміршең еместігінің белгілері, проблеманы тудырушы факторлар, тәжірибелер мен олардың нәтижелері, статистикалық мәліметтер;
  • Терминдерді іріктеу мен бекітудің талаптары мен бейімдеу жолдары, проблеманы шешу жолдары, тәжірибе, статистикалық мәліметтер.

ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

  • Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;
  • Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;
  • Мақаланың көлемі 5-7 бет;
  • Мақала атауы бас әріптермен, авторлар туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі) жазылады;
  • Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];
  • Мақалалар k.karlygash@tilqazyna.kzэлектронды поштасы арқылы 2023 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады.

МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ

  • Электрондық журналға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
  • Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
  • Электронды журнал «Termincom.kz» сайтына орналастырылады.

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар