Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Латын әліпбиімен басылған қазақ жазушыларының кіта...

27.10.2017 14478

Латын әліпбиімен басылған қазақ жазушыларының кітаптары

Латын әліпбиімен басылған қазақ жазушыларының кітаптары - adebiportal.kz

Бір кездері Қазақстанның латын әліпбиін қолданғаны белгілі. Сол кездері қазақ зиялыларының көптеген кітаптары латын әліпбиімен жарық көрді. 1929-1940 жылдар аралығында жарық көрген сондай кітаптардың арасында бізге жақсы таныс төмендегі кітаптар да бар:

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың кітаптары 1909 жылдан жарық көргені белгілі. Ал ақынның таңдамалы жыр жинағы 1939 жылы латын әліпбиінде жарық көрген екен. Бүгінде кітап Ғылы Академиясының мұрағатында тұр.

1939 жылы Жамбыл Жабаевтың «Сұраншы батыр» дастаны жеке кітап болып басылып шықты. Сұраншы батыр жырын Жамбылдан бұрын Сүйінбай ақын жырлаған. Ақынның бұдан бөлек «Өтеген батыр» дастаны да бар.

«Батырлар жыры» – қазақ ауыз әдебиетінің ең бай да, көне жанрларының бірі. Мұнда қазақтың әр жылдардағы батырларының ерлік оқиғалары, қаһармандыққа толы ғұмыры жырға қосылады.

«Амангелді батыр» кітабы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі Амангелді Имановты Кеңес үкіметі барынша дәріптеуге тырысты. Ақындар оғанарнап өлең жазып, жазушылар кітаптарын шығарды. Сондай кітаптардың арасында көлемі жағынан да, көрнектілігі тұрғысынан да алда тұрғаны – Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастаны болды.

Ғабдол Сланов «Арман ағысы». Ғабдол Сланов – қазақтың белгілі жазушысы. Оның тырнақалды туындысы – «Арман ағысы» повесі болатын. Повесть 1940 жылы латын әліпбиінде жарық көрді. Шығарма республикалық байқауда жүлдегер атанып, жазушыға танымалдық әкелді.

Әбу Сәрсенбаев «Ант». Белгілі жазушы Әбу Сәрсенбаев әдебиетке 30-жылдардың ортасында келді. Шығармашылық қызметін өлеңнен бастаған ол 1936-1942 жылдары Қазақстан мемлекеттік баспасын басқарған болатын. Дәл осы кезеңде, яғни оның 1939 жылы «Ант» атты поэзия кітабы жарық көрді.

Асқар Тоқмағамбетов «Сталиндік маршрут». Асқар Тоқмағамбетов – ақын, жазушы. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы «Еңбек жыры» деген атпен жарық көрген. Ал «Сталиндік маршрут» атты поэзия жинағы 1938 жылы шықты. Ақын мұнда Кеңестік кезеңді, Сталин идеологиясын жырға қосады.

Бұлардан өзге де Қазақстанның көркем әдебиет жинағы, Сәбит Мұқановтың 1939 жылы жарық көрген «Сөз – Советтік армия», Ілияс Жансүгіровтің 1935 жылы шыққан «Жолдастар», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1933 жылғы толық шығармалар жинағы, Мұхтар Әуезұлының 1935 жылғы «Тас түлек», С. Кеңесбаевтың «Әліппесі», Қ. Бекхожиннің «Әдебиеттік оқу кітабы», А.Кабановтың «Анатомиясы» және орыс жазушыларының кітаптары бар

Фото https://yvision.kz сайтынан алынды

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар