Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СҰХБАТ
«Күнге бет алған керуен»...

03.06.2024 708

«Күнге бет алған керуен» 12+

«Күнге бет алған керуен» - adebiportal.kz

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Күнге бет алған керуен» жыр кітабының

 таныстырылымы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 5 маусым күні сағат 15.00-де «Күнге бет алған керуен» атты жыр жинағының таныстырылымы өтеді.

Ақын Әділбек Ыбырайымұылының бұл топтамасының құрылымы мен мазмұны күрделі: «Ақ нөсер», «Сал күрең», «Шілтер», «Ұлы жіңгір боз дала», «Мамырстан», «Сұлу шәрі», «Нигерия көз жасы» сияқты он бөлімнен тұрады. Бірі лирикаға құрылса, екіншісі эпикалық сарынға арқа сүйеген, үшіншісі азаматтық үнге ие. Сөйтіп,  әрқайсысы өзіндік ой-пайым мен тұжырымға негізделген. Сондықтан ондағы тақырып алуандығы бірден  байқалады. Әрі, тізбектелген бөлімдер – керуендегі шұбақталған жампоздарды көзге әкеледі. Сондай-ақ, кітап жан-жақтылығымен оқырманды өзіне баурайды. 

Автордың тілі бай әрі ұлттық бояуға қанық. Жазу шеберлігін жетік меңгерген. Әртүрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданады.

Қолжазбаның төртінші бөлімінде «Бейбіт күнгі боздақ» деген поэма берілген. Дастан – кеңес дәуіріндегі большевизмнің арам пиғылынан тұтанған трагедияға толы Ауған соғысын тартымды жырлайды. Оның басты кейіпкері Қабыл деген қазақ жігітінің бейнесі мен тағдыры арқылы автор, табаны күректей он жылға созылған сұрапыл қан төгістегі ортаазиялық халықтардың өрімдей жастарының қаһармандық келбеті мен қыршынынан қиылған қасіретін шынайы суреттеген. 

Осы уақытқа дейін бір трилогия, 2 роман, 4 проза кітабын жазған қаламгердің бұл 7-ші жыр жинағы. Екі саланы қатар алып келе жатқан Әділбек Ыбырайымұылының проза мен поэзия қос қанатына айналған.   

Шараға белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысады.

Байланыс ақпараттары: 

Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы,  Достық көшесі, 11.

e-mail: uak_2022@mail.ru   тел: +7 775 768 76 28

Аккредитация үшін: 87027639151

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар