Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СЫН
«КЕШ» қойылымының арнайы көрсетілімі өтеді...

29.11.2022 441

«КЕШ» қойылымының арнайы көрсетілімі өтеді 14+

«КЕШ» қойылымының арнайы көрсетілімі өтеді - adebiportal.kz

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 30 қараша күні сағат 19.00-де «КЕШ» қойылымының арнайы көрсетілімі өтеді. 

Спектакльде басты рөлді театрдың негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 83 жастағы ақ самайлы актриса  Рымкеш Омарханова сомдайды. 

Туынды авторы – Алексей Дударев. Қазақ тіліне аударған – Фариза Оңғарсынова. Режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Қоюшы суретші – Дәулет Доспаев.

 

«КЕШ» қойылымы туралы деректер:

  1. Спектакльдің премьерасы  2009 жылы 5 наурыз күні өтті. 
  2. жанр – драма. 
  3. 2009 жылы ақын Фариза Оңғарсынова аударма авторы ретінде спектакльдің репетицияларында болып, премьерасына қатысты.
  4. Қазақстан драма театрларының ХVIII Республикалық фестивалінде Гран-При иеленді (2010 ж, Тараз қаласы) 
  5. Бұл қойылымда бар болғаны 3-ақ актер өз өнерлерін ортаға салады. 
  6. Қаллеки театрының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рымкеш Омарханова «Кеш» спектакліндегі басты кейіпкер Ганна рөлінең алғаш 70 жасында сомдады.
  7.  Бүгінде 83 жасқа толған ақ самайлы актриса Ганна рөлін өз деңгейінде сомдап жүр.
  8.  Василий (Мультик) рөлін екі құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ақыш ОмарБолат Ыбыраев сомдайды. 
  9.  Никита (Гастрит) рөлін бір ғана құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрам Қайсанов сомдап келеді. 
  10.  Ганна рөлін екінші құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Күлия Қожахметова сомдайды.
  11.  Спектакль ұзақтығы 1 сағат 50 мин (актілі)
  12. «Кеш»  - философиялық мағынасы терең шығарма. Спектакльдің негізгі айтар ойы: «ата-анамызға мейілінше қамқорлық көрсетіп, парызымызды өтеуден КЕШ қалмайық».
  13.  Репертуардағы көрермен сұранысына ие спектакль. 

 

Аннотация: «Келешегі жоқ» бүгінгі ауылдың күйі. Онда тек балаларынан хат-хабар күтетін қарттар ғана қалған. Бар ермектері – құдықтан су тарту... Дударевтың «Кеш» спектаклін тамашалай отырып, Жаратушының адамды жер бетіне жіберуінің мақсаты – жұдырықтай жүрегінің жылуымен осынау суық дүниені жылыту екен-ау деген ойға қаласыз... 

 

Толық ақпарат үшін: 

+ 7 705 990 2595 Ақерке И.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Podcasts

Көп оқылғандар