Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Елордада жас ақындар мен жазушылар марапатталды...

08.12.2023 958

Елордада жас ақындар мен жазушылар марапатталды 12+

Елордада жас ақындар мен жазушылар марапатталды - adebiportal.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қорында дарынды жас ақындар мен жазушылар марапатталды. Мұнда «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 

Биыл үздік қаламгерлер «Жылдың үздік прозасы»«Жылдың үздік поэзиясы»«Жылдың үздік драматургиясы»«Жылдың үздік балалар шығармасы»«Фантастика жанрындағы үздік шығарма»«Жылдың үздік киносценарийі», сонымен қатар, «Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» (арнайы номинация) сынды жеті номинация бойынша анықталды.  

Әр номинацияның жеңімпаздарына 2 млн. теңге, ал арнайы номинацияның жеңімпазына 3 млн. теңге сыйлықақы беру көзделген. «Алтын тобылғы» - Нұрсұлтан Назарбаев Қорының дарынды жастарды анықтауға және қолдауға бағытталған маңызды жобасының бірі. Бұл байқауды 2015 жылдан бері өткізіп келеміз, жастар тарапынан қызығушылықтың азаймайтынын көріп отырмыз. Жыл сайын байқауға қатысуға 100-ден астам туынды келеді. Шығармалардың авторлары бұл еліміздің түкпір-түкпіріндегі 18-35 жас аралығындағы жандар», - деді марапаттау рәсімі барысында Қордың атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы

Әлкей Марғұланұлының айтуынша, биыл байқауға қатысуға 126 шығарма келіп түскен. Белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ басшыларынан жасақталған қазылар алқасының мүшелеріне жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Өйткені, ұйымдастырушылар атап өткендей, шығармалар бірінен-бірі өтеді. Қазылар алқасы оларды өзіндік ерекшелігіне, көркемдік деңгейі мен тақырыпты жан-жақты терең аша алуына қарап бағалады.

Авторлар шығармасы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар – гуманизм, ізгілік, өзара көмек туралы баяндап, халықтың патриотизмін, оптимизмін және мықты ерік-жігерін көрсетеді. Әсіресе, «Жылдың үздік поэзиясы» номинациясына көп шығарма ұсынылды (26 шығарма). Биыл «Жылдың үздік киносценарийі» және «Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» номинациясының жеңімпаздары анықталмады.

«Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздары:

- «Жылдың үздік прозасы» номинациясында Диана Мырзағалиева («Оазис среди боли» шығармасы), Нұржан Нұрбек («Өмір» галереясы»);

- «Жылдың үздік поэзиясы» - Әмәлият Арқалық («Өмір қаласындағы өмір»);

- «Жылдың үздік драматургиясы» - Қыдырбаев Ілияс («Шындық пен жалған»);

- «Жылдың үздік балалар шығармасы» - Жадыра Жанарбек («Мен мысық емеспін») және Әлихан Иманғазин («Эллиот»);

«Фантастика жанрындағы үздік шығарма» Есбол Социалхан («2026» романы).

Бұған қоса, «Жылдың үздік поэзиясы» номинациясы аясында ынталандыру жүлдесі ретінде 1 миллион теңгені Файзолла Алпамыс («Жүректің жауһар жырлары» шығармасы) алды.    


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар