Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
АҚШ-та басып шығарылған алғашқы қазақ әдебиеті ант...

12.06.2013 2695

АҚШ-та басып шығарылған алғашқы қазақ әдебиеті антологиясының тұсау кесері өтті

АҚШ-та басып шығарылған алғашқы қазақ әдебиеті антологиясының тұсау кесері өтті - adebiportal.kz

2013 жылғы 12 маусым күні Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен АҚШ-тың беделді университеттерінің бірі - Колумбия университеті басып шығарған «The Stories of the Great Steppe. The Anthology of Modern Kazakh Literature» атты алғашқы қазақ әдебиеті антологиясының тұсау кесеріне қатысты.

 

Іс-шараға қатысқан қонақтар арасында Фариза Оңғарсынова, Шөмішбай Сәриев секілді қаламдары қарымды ақындар мен жазушылар, ағартушы-ғалымдар мен әдебиеттанушылар және дипломатиялық корпус өкілдері болды.

 

Қ.Сарыбай өз сәлемдеме сөзінде атап өткендей, бұл антологияның арқалаған жүгі – еліміздің елеулі қазынасы болып саналады. Осы кітаптың арқасында Колумбия университетінде арнайы топтар ашылып, кітап оқу құралы ретінде сонда оқитын жастарға заманауи қазақ әдебиетін таныстыратын курстар жүргізуде таптырмас оқулық көзіне айналуда. Бұл өз кезегінде Қазақстанның мақтан тұтатын әдебиет үлгілері арқылы Батыстың оқырман қауымын қазақ мәдениетімен, дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен, тұрмысымен және күнделікті өмірімен кеңінен таныстыруға мүмкіндіктер туғызатыны сөзсіз.

 

Сонымен қатар, кітаптың құрастырушысы доктор Рафиз Абазовтың осыған дейін де ұқсас жобалармен жұмыс істегенін атап өткен жөн. Осылайша, әлемге әйгілі қазақ ақыны Олжас Сүлейменовтың шығармалар жинағын да құрастырып ағылшын тілінде шығарған болатын.

 

Жалпы бұл ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен жарық көріп отырған бірінші кітап емес. Қазақстан Республикасының шетелдердегі бірқатар дипломатиялық миссиялары, оның ішінде Түркиядағы, Германиядағы, Польшадағы Елшіліктерінің бастамасымен де сол тілдерді бірқатар әдеби мұралар жарық көрген және осы үрдіс өз жалғасын тауып келеді.

 

Осындай игі бастамалар өз мақсатына жетіп, шетелдік қалың оқырман қолына түсіру үшін, Қ.Сарыбай шараға қатысып отырған дипломатиялық корпус өкілдеріне ұсыныс жасап, жарық көріп отырған кітаптарды өз елдерінде кеңінен насихаттауға шақырды.



Қайнар көз: www.mfa.gov.kz порталы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар