Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Әлмерек биге арналған жыр мүшәйрасына шақырамыз...

15.02.2024 1186

Әлмерек биге арналған жыр мүшәйрасына шақырамыз 14+

Әлмерек биге арналған жыр мүшәйрасына шақырамыз - adebiportal.kz

Заманында ерлігімен – батыр, шешендігімен – би, көсемдігімен абыз атанған әйгілі Әлмерек Жаншықұлының өмірі мен өнегесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын «Әлмерек Жаншықұлы және оның өнегесі» атты жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ:

1. Жыр мүшәйрасының мақсаты:

- ұлт тарихындағы елдік және ерлік дәстүрді насихаттау;

- ел есінде батыр, би, абыз атымен қалған Әлмерек Жаншықұлының өнегесін ұрпақ санасында жаңғырту;

- Әлмерек Жаншықұлының және оның ел тарихында аты аңызға айналған ұрпақтарының ерлігі мен өрлігінің сабақтастығын таныту ;

- ұлт әдебиетін терең мағыналы, асқақ рухты жаңа жырлармен толықтыру;

- ұлт поэзиясына өзіндік үнімен келген дарынды тұлғаларды анықтау және оларды қолдау.

2. Жыр мүшәйрасының шарттары:

- жыр мүшәйрасына Қазақстан Республикасының барлық өңірінің ақындары қатыса алады;

- мүшәйраға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;

- поэзиялық шығармалардың ең көлемдісі 9-10 беттен аспауы керек;

-шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;

- жыр мүшәйрасына бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ғана ұсынылады;

- жыр мүшәйрасына қатысушы ақын өзінің бүркеншік атын, электронды поштасын, телефон нөмірін baiqau2024@yandex.kz эл.поштасына жазып жібереді. Мүшәйраға қатысушының нақты аты-жөні көрсетілмейді.

3. Жыр мүшәйрасының мерзімі:

- жыр мүшәйрасына қатысатын шығармалар осы ереже БАҚ-та жарияланған күннен бастап baiqau2024@yandex.kz эл.поштасына «Әлмерек жыр мүшәйрасына» деген атпен жіберіледі;

- жыр мүшәйрасына қатысатын шығармаларды қабылдау 2024 жылы 20 сәуірде тоқтатылады;

- қабылданған шығармалар 2024 жылы сәуірдің 23-іне дейін іріктеледі;

- іріктелген шығармалар ішіндегі ең үздіктері 2024 жылы сәуірдің 25-інде анықталады;

- ең үздік деп танылған шығармалар БАҚ-та мамыр айына дейін жарияланады.

4. Жыр мүшәйрасының Қазылар алқасы:

-қазылар алқасы қазақ поэзиясында өзіндік орны бар әйгілі ақындардан құралады;

- олар жыр мүшәйрасына түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;

- анықталған үздік шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;

- ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін бөледі.

5. Жыр мүшайрасының бәйгесі:

- бас бәйге – 1 млн 500 мың теңге;

-бірінші орын – 1 млн теңге (біреу);

- екінші орын – 700 мың теңге (екеу);

-үшінші орын – 500 мың теңге (үшеу);

-ынталандыру – 200 мың теңге (үшеу);

- жыр мүшәйрасына түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақылдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін.

6. Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау

- Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау Әлмерек Жаншықұлы ескерткішінің ашылу салтанаты кезінде болады. 

- ең үздік үш шығарма сол күнгі гала- концерт бағдарламасына енгізіледі.

- марапаттау рәсіміне қатысу шығындары қатысушының есебінен болады.

Ұйымдастырушылар алқасы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар