Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Әдеби үдеріс
Жыршы-термешілер байқауы өтті

03.11.2017 4290

Жыршы-термешілер байқауы өтті

Сөздің маржанын сазбен жеткізетін нағыз дала өнерпаздарын анықтайтын «Текті сөздің төресі – терме» байқауы мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқау Сәтбаев қаласында өтті.

Республикалық байқауда Астана, Алматы қалалары мен 14 аймақтың жыр дүлділдері бақ сынады. Текті өнердің насихатшылары байқау барысында ел бірлігі мен Алаш үшін айтулы оқиға Алашорданың 100 жылдығын жырға қосты. Ана тілдің тағдырын айтып, тыңдарманның көңіліндегін дөп басты.

Көмейіне бұлбұл ұялаған өнерпаздардың шеберлігін айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман (төраға), Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбіл, жыршы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Эльмира Жаңабергенова, жырау, жыршы Мұқаш Қожахметов және Маңғыстау жыршылық мектебінің өкілі Амандық Көмеков бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені атыраулық Гүлдана Тайырова иемденді. Ал бірінші орын Шынболат Ділдебаевтың «Шыңырауда шыңдалумен келемін...» термесін нақышына келтіріп орындаған Айнұр Қонысбаеваға бұйырды. Жүлделі екінші орынды Сыр мектебінің түлегі Марат Сүгірбай еншілесе, үшінші орынды Маңғыстаудың марғасқасы Темірбек Асқамбаев пен павлодарлық Талғат Бланкин өзара бөлісті.

Байқау жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы диплом мен қомақты қаржылай сыйлық табысталды. Ал барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғысхаттар ұсынылды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Теги: Жыршы-термешілер, байқауы, өтті
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Көп оқылғандар