Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Подкасттар
«Қосты» қалай қолданып жүрміз

Мультимедиа

«Қосты» қалай қолданып жүрміз - adebiportal.kz
«Қосты» қалай қолданып жүрміз Автор: Дата: 23.05.2020 Прослушано: 1287
ADEBIPORTAL.KZ «Қосты» қалай қолданып жүрміз

Немістің лингвист ғалымы Август Шлейхер: «Тіл де биологиялық ағза сияқты туады, яғни өседі, өледі», - деген жоқ па еді. Жер бетінде айына екі тіл мәңгілікке жойылады екен. Ғалым сөзінің дәлелі осы емес пе? Миллиондаған халықтың қолданысындағы қазақ тіліне төніп тұрған мұндай қауіп, әрине жоқ. Бірақ та осылай екен деп арқаны кеңге салуға және болмайды. Баршамыздың бұл тұрғыдағы басты мақсатымыз – қазақ тілін дамыту емес, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, қазақ тілді ортаның санын молайтуға, қазақ тілінің күнделікті қолданысындағы кемшілік-кінәраттарға бей-жай қарамай, өзара талқыға салып үн қатып отыруға үлес қосу деп білеміз.
 

Көп оқылғандар