Eurazian Book Fair – 2022







Нұр-Сұлтан қаласындағы «EXPO» көрме орталығында V Еуразия халықаралық «Eurazian Book Fair-2022» кітап жәрмеңкесі өтті. Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ағарту мақсатындағы ғылыми білім беру және полиграфия компанияларының басын қосып отыр. Көрме алаңында Ресей, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Иран, Түркия, Қытай елдерінің кітаптары қойылды.
30.05.2022
Бөлісу: