«Бірлік алуантүрлілікте» атты мерекелік концерт өтті








Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ХХ Хатшылық және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерларының VII Съезді қатысушыларының құрметіне «БІРЛІК АЛУАНТҮРЛІЛІКТЕ» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік іс-шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Нұрболат Арзамас, Жамиля Жарқымбаева және халықаралық конкурстардың лауреаттары Жақсыкелді Маясаров, Елена Ганжа, Ақбике Алғи танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындады. Бұдан басқа, «Астана Опера» театрының хоры, балет труппасы және симфониялық оркестрі, Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының би ұжымы, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, «Астана Балет» театры көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Шара аясында, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Димаш Құдайберген «The story of one sky» атты кезекті жаңа шығармасын орындады.