Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Аудио
Татьяна Невадовская

Татьяна Невадовская

«Қазағым аш, аш иттей боп ұлыған 
Ісіп-кепкен, тым қайғылы, қиын хал. 
Өліп жатыр, бұратылып аштықтан, 
Күйінемін, менің тәуір күйім бар», - деп жырлаған (аударма Сағат Жүсіп) Татьяна Невадовская ХХ ғасырдың 30-жылдары Қазақстанға жер аударылған әкесімен бірге келеді. Айдалып келген профессор әкесімен бірге Алматы маңындағы Шымдаулет ауылына қоныстанған 19 жастағы қыз жергілікті халыққа қатаң қысастық жасалып жатқанын көріп, қатты толқиды, торығады, әйткенмен, сұмдықтаң себебін ұғына алмайды. Өз басы ашықпаған, отбасының күнкөрісі жақсы болғанмен, қазақтардың шарасыз, ауыр ахуалына бейтарап қарап тұра алмайды. Сол қасіретте өзі куә болған мына бір жай туралы былайша баяндайды. 
«Бұл 1933 жылдың ерте көктемі еді. Мен біреумен келе жатқанмын. Қолымда фотоаппарат бар болатын. Көзіміз жол шетінде аштықтан әлсіреп отырған қазақ ер азаматына түсті. Оның егін даласынан келе жатқаны байқалып тұрды. Ол ашыққанынан аяғын әзер сүйреп келе жатты. Ол қырылдай сөйлеп, ернін әзер жыбырлатып, жейтін, ішетін бірнәрсе сұрады. Мен фотоаппаратымды қасымдағы досыма бердім де, өзім су әкелуге кеттім. Ол суды бір-ақ сіміріп салды. Мен үйден нан және қант әкелмекке қайта жүгіріп кеткен едім. Қолымдағы наныммен жүгіріп жеткенімше ол қайтыс боп кеткен екен», - деп еске алған екен Невадовская.

16.06.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: