Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Мультимедиа
Аудио
Бауыржан Қарағызұлы

Бауыржан Қарағызұлы

Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген. 

Ақын, көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық әдеби конкурстардың жеңімпазы. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетің және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері Қазақстан Республикасы мемлекеттік сепендияның иегері. 

Топтама өлеңдері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрген «Жас толқын», «Қазақстан ақындар антологиясы» т.б. сияқты жыр жинақтарға енген. Сондай-ақ, «Қызылжардан ескен леп», «Шынға шыққым келеді», «Айдыннан ұшқан аққулар», «Жеңімпаз жас ақын-жазушылар антологиясы», «Көкшетау жас ақындар антологиясы» атты ұжымдық жыр кітаптарға енген. «Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң.Мен.Түс.». «Жүрек кітабы», «Топырық демі» (қырғыз тілінде) атты жыр-кітаптарының авторы.

Қазір «Әдебиет порталы» интернет-жобасының жетекшісі. 

Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отырған әке.
15.06.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: