Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Ода

Ода (гр. ode - ән, жыр) - мадақтау, дәріптеу түріндегі шығарма. Аса қуанышты, тым көтеріңкі рухта жазылады. Есімі елге тараған адамдарға немесе батырларға, салтанатты окиғаларға арналып шығарылады. Ода - ежелгі Грециядан шыққан (б.з.б. 4 ғасырда). Рим ақыны Гораций (б.з.б. 1 ғасырда) Оданы музыкадан бөліп, дербес әдеби жанр ретінде қалыптастырды. Ол Еуропаға орта ғасырларда тарады. Қазақ әдебиетінде 19 ғ-да Оданың өз үлгілері қалыптасты Ораз ақынның "Балқы Базарды мадақтауы", Байтоқ жыраудың Жәңгір хан сарайын сипаттаған Одасы, Махамбеттің "Исатай деген ағам бар", Орынбай Кертағыұлының "Асса- лаумағалейкум, батыр Ерден" атты өлеңін Оданың таңдаулы нүсқала- ры дей аламыз. Қазақ кеңес поэзиясында Жамбыл Жабаевтың ("Амангелді"), Т.Жароковтың ("Максим Горькийге", "Жамбылға", 1938), т.б. туындылары Ода жанрына жатады.

Көп оқылғандар