Қасида
Қасида – мадақ өлең. Түркі тілдес халықтар мен араб, парсы классик. поэзиясында кең тараған. Алдыңғы екі тармағы ұйқасып келеді де онан әрі ұйқас төртінші, алтыншы, сегізінші, яғни, жұп санды тармақтарда жалғасады (а-а-б-а-в-а-г-а-д-а).