Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Көлтауысар
Көлтауысар - adebiportal.kz
Рейтинг:

Көлтауысар - қазақ ертегілерінде кездесетін жағымды бейнедегі кейіпкер. Көлтауысардың ерекшелігі - бір көлдің суын екінші ұрттап көлге құйып жүреді. Ер Төстік ертегісінде Төстік батырдың жолын тосып жатып, онымен бірге Темір ханның еліне сапарлаған Көлтауысар Төстік пен достарын өз кезегінде қауіп-қатерден құтқарады. Темір хан оларды темір сарайға жатқызып, түнде есігін мықтап бекіттіріп, сыртынан мол қылып от жақтырып, Төстік пен жолдастарын күйдіріп өлтірмек болады. Сол кезде Көлтауысар өзінің ұртындағы бір көлдің суын бүркіп жібергенде от сөніп қалып, бәрі аман-есен құтылады.

Podcasts

Көп оқылғандар