Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Қара дәу


қара дәу.jpg

Қара дәу - «Құйым батыр» ертегісінде кездеседі. Ол - Бұтыр ханның қорығының күзетшісі. Ертегіде Қара дәуді: «Ол бір құлағын жамылып, бір құлағын төсеніп жатып күзетеді екен. Қара дәу айғайлағанда мал тұрмақ, құрт-құмырсқа да ол маңайға жоламайды екен» - деп сипаттайды. Бұл топтағы дәулер негізінен адам етімен қоректеніп, елсіз тау мен тасты мекендейді. Адам аяғы баспайтын жерде адамзаттың қолына түспейтін дүниені күзетеді. «Үш жолаушы және дәу» ертегісіндегі дәу де осы топқа жатады. Ертегіде дәудің күшінен гөрі ашкөздігін сипаттау көзделген. Мұнда дәу жолаушыларды үйіне шақырады. Ертегіде: «Баяғыда бір дәу болыпты. Оның үй-жәйі, әйелі болыпты. Үйінің есігі төбесінде болған. Келген адам сол есіктен кіретін болыпты» деп, дәудің үйін адамның үйінен өзгеше етіп суреттейді. Үйіне кірген жолаушыларды байлап-матап тастап, жеуге көшеді. 






қара дәу 2.jpg

Podcasts

Көп оқылғандар