Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Базаралы
Рейтинг:
      М.Әуезовтың «Абай жолы» романының кейіпкері: 

«Базаралы» - Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып, айтысып өткен адам. Базаралы арқылы таптық санасы ояна бастаған күрескер қазақ кедейі. Базаралының үстемдермен сілкісуі, қалың бұқараның қанаушыларына қарсы күш сынасуы тіпті оқшау – бұл маңда бұрын-сонды болып көрмеген жаңа жойқын әрекет жасайды. Ол жуандардың зорлығын көре-көре, қорлығына төзе-төзе әбден шыдамы таусылған көп кедейден қол құрап, тыюсыз да жиюсыз кеткен байдың бір үйір жылқысын қуып алып, қырып салады. Бұл кесек қимыл бар атырапты түгел сілкіндіреді. Бай ауылдардың түндіктері желпілдеп, болыс-билердің бойлары қалтырағандай болады. Теңсіздік тепкісіндегі қалың бұқараның күреске көзі ашылып, өзін-өзі, өз күшін тың сипатта, жаңа мағынада тани бастайды.
Podcasts

Көп оқылғандар