Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Шың мен шыңырау
Рейтинг: 5.000
ISBN:
978-601-212-044-8
Беттер саны:
416 бет
Жанр:
Шың мен шыңырау
Ұсыну

Жазушы Ұзақбай Доспанбетов «Шың мен шыңырау» романының 2-кiтабында Еңбек Ерi Нұрмолда Алдабергеновтың ұзақ жылдарға созылған әуре-сарсаңынан соң адал еңбегi мен елiнiң қамқорлығы арқасында мұратына жеткенi баян етiледi.

Жазушы бұл кiтабында мынадай идеяны басшылыққа алады: өмiр қанша өзгергенмен, әлеуметтiк құрылымдар қанша алмасқанымен, мәңгi өзгермейтiн, қайта жаңғырып, жаңарып жасай беретiн нәрселер бола бередi екен. Олар – адамдардың арақатынасы, арман, мүддесi, елге, жерге деген махаббаты, көзқарастары, әрекеттерi т.б. Оқырман назарына ұсынылып отырған осынау шығармада да дәл осындай ескiрмес тақырыптар сөз болады. Кезiнде екi дүркiн Социалистiк Еңбек Ерi атағын алған Нұрмолда Алдабергенов пен сондай Еңбек Ерiнiң бiрi Әбдiқадыр Дайыровтың өмiр жолдарын, тағдырларын өзек еткен «Шың мен шыңырау» дилогиясында жазушы Ұ.Доспанбетов сол кездегi уақыт бейнесiн, әлеуметтiк ортаны шыншыл қалпында суреттеуге барын салған.

Ең бастысы – автор қазiр «модадан» шыға бастаған, шынайы еңбек адамдарының өзгелерге, әсiресе жастарға үлгi-өнеге болуға жарайтын ұнамды бейнелерiн жасауды мақсат еткен әрi сол мақсатына жеткен деп бағалауға лайық.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар