Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Ағыл-тегіл
Рейтинг: 0.000
ISBN:
Беттер саны:
240 бет
Жанр:
 
Ағыл-тегіл
Ұсыну
Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, халықаралық Жамбыл және Ш. Айтматов атындағы сыйлықтардың лауреаты, дарынды композитор, танымал жазушы һәм музыка зерттеушісі Илья Жақанов қазақ халқының мақтанышы. Оның қаламынан туған сал-серілер, халық композиторлары, бүгінгі өнер қайраткерлері хақындағы роман, повестері, эсселері, новеллары мен элегиялары өзінің нақтылығымен, боямасыз шындығымен, шұрайлы тілімен оқырманын тәнті еткелі қашан. Ал музыка зерттеушісі ретіндегі қазақ әнінің арғы-бергі тарихын қозғайтын сүбелі еңбектері қазақтың ұлттық музыка мәдениетіне
қосылған алтын қор.

Илья Жақановтың лирикалық әндері халық жүрегінен баяғыда орын алған. Ол әндерді шырқаған жез таңдай әншілер де, сан мыңдаған тыңдарман қауым да айрықша ләззат алып жігерленеді, қуатына қуат қосады.

Жазушы Толымбек Әбдірайым композитордың зертханасындағы қызықты жәйттерді, әр әннің туу тарихына қатысты түбірлі себептерді деректі әңгімелері мен эсселерінде нақты дәйектермен мөлдіретіп, суреттей білген. Кітап ұлттық өнерімізді қадір тұтушылар мен қалың оқырманға арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар