Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Рейтинг: 4.333
ISBN:
9965-9712-3-4
Беттер саны:
388 бет
Оспан
Ұсыну

Қазақтың алтын аңызы – Оспан батыр Сіләмұлы елі мен жері үшін жауымен өліспей-беріспей күрескен әйгілі батыр, ұлт азаттығы үшін арпалысқан Өр Алтай көкжалы. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібектер бастаған ерлік шежіреміздің соңғы баһадүрі.

Кітапқа батыр жайындағы зерттеулермен бірге Уақит Халелұлы, Нәби Оспанұлы, Нұрқожай Молдажанұлы секілді қанды көйлек сарбаздарының естеліктері топтастырылған. Болған оқиға, өткен тарих жайында сыр шерткен қалам иелерінің қарапайым деректері арқылы Оспан батырдың күрескерлік өр тұлғасы мен адал жүрегінің кірсіздігі бірден байқалады.

Бұл кітап ел тарихы мен жер тарихын білгісі келетін, ұлттық рухтың жалғастырушылары болған жастар үшін таптырмайтын оқулық іспетті. Әсіресе студенттердің, магистранттардың, ізденуші аспиранттардың пайда­лануы үшін көптеген деректер ұсынады. 

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар