Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Жүрген жолда қалған із
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-9965-10-131-1
Беттер саны:
384 бет
Жанр:
Естелік  Дерек 
Жүрген жолда қалған із
Ұсыну
Қазақ баспасөзінің ардагері сапында жүрген Мамадияр Жақыптың бұл кітабының «Жүрген жолда қалған із» деп аталуында мән бар. Осы жинақтан Қазақстан журналистер одағы сыйлығының бес мәрте иегерінің, Қазақстан құрметті журналисінің жарты ғасырдан аса уақытты қамтитын шығармашылық жолының да, азаматтық жолының да сипатын аңғарғандай боласың. Ол өз елімізді көлікпен де, жаяулап та көп араласа, біраз шет елдерге де сапар шеккен. Сол сапарлардан тұшымды із қалдырған журналист. Бүгінгі 75-тен асқан ғұмырында өмірдің тұщысын да, ащысын да татқан азамат. Ақпарат құралдарына басшылық қызметтерде болды, кешегі Колбиннің сұрқия заманында Желтоқсан оқиғасына қатысы үшін жазаға ұшырап, қудалауға да түсті. Өзінің осынау шытырманы көптеу өмірінде талайлармен кезіккен, талай оқиғаға куә болған. Сол жайлар қаламгердің осы жинаққа кірген дүниелеріне алтын арқау қызметін атқарады. Заманның әр кезеңінде жазылған дүниелеріне автор кітапқа кіргізер кезде түзетулер енгізуді жөн көрмеген. Ондағы ой – оқырман сол кездегі уақыт табын сезінсін дейді.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар