Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Кітаптар
Шығармалары. Ноқталанған тарихшы.
Рейтинг: 4.500
ISBN:
978-601-7568-20-7
Беттер саны:
568 бет
Жанр:
Шығармалары. Ноқталанған тарихшы.
Ұсыну
Жарық дүниеге келген әрбір пенде өз қалауынша өмір сүруге ерікті. Ермұхан Бекмаханов та мейірімді Алла пешенесіне жазған дарын-қабілеті арқасында өз қатарынан қара үзіп шығып, Қазақ Елі тарихының қатпарлы сырларын тереңдете қазып, туған халқына елеулі еңбектер беруге құлшынған білімпаз еді. Амал қанша, батыл ойға тұсау, еркін көңілге кісен салған қатыгез заман оның ең алғашқы қарымды еңбегіне тыйым салып, қазақ тарихнамасының төрі түгілі, босағасынан да орын бермей, үнемі қуғын көріп, нағыз дер шағында өмірден озды.

«Ноқталанған тарихшы» ғұмырнамасында деректі жанрдың шебері Медеу Сәрсеке шерменде тарихшының өмірін әсірелеусіз баяндап, оның жолын кескен қаскүнем замандастарының есімдерін де, қастандық әрекеттерін де ҰҚК-нің жабық мұрағатынан алған деректермен нақты сипаттайды. Кешегі кер заманның қитұрқы зауалын бүкпесіз ашып, билік басындағылардың сорақы қиянаттарын әшкерелейтін деректі туынды бүгінгі оқырманды бейжай қалдырмайды деген үміттеміз...

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Көп оқылғандар

Көп талқыланғандар