Екі томдық шығармалар жинағы. 1-том
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемелдің руханият әлеміне бойлайтын, парасаттылыққа, имандылыққа, арлылыққа үндейтін көптеген кітаптары жарық көрген. Бұл екі томдықтың бірінші томында Конфуцийдің, Луций Анней Сенеканың, Толстойдың, Шәкәрім Құдайбердіұлының, энциклопедист-жазушы Әбіш Кекілбаевтың, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің, тарихшы ғалым Қойшығара Салғараұлының шығармашылығы жайлы еңбектері мен «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» атты көсемсөздік шығармалары берілген. Кітапты жоғарғы оқу орындарының филология, журналистика, философия, әлеуметтану, педагогика, психология және өзін-өзі тану пәндерінде қосымша оқу құралы
ретінде пайдалануға болады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Көп талқыланғандар
Мұқағали Мақатаев. ...Деген екен