Фариза Оңғарсынованың толық шығармалар жинағы. 4-том
Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл он екі томдық толық шығармалар жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын – өз заманының ар-ожданы десек, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Фариза Оңғарсынова жырларының өз оқырманына берері мол.
Он екі томдықтың әр томы – көзі қарақты оқырманға ризық болар бір-бір рухани қазына. Ақыннның бұл төртінші томға енген поэзиялық шығармалары да өзіндік руханиятымен дара тұрған аяулы тұлға мен оның қаламгерлік жолы туралы сыр-баянға толы.
Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.
Көп талқыланғандар
Мұқағали Мақатаев. ...Деген екен