Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Ұмыттың ғой...

БЛОГТАР

22 мамыр 2017
4037
0

Ұмыттың ғой...


Ұмыттың ғой...қайда әйтпесе хабарың? 
Бір қарайған талды күткен жанарым... 
Күн сайынғы әдетінше аңсарлы
Құшағына құлады ақшам қаланың.

Көп кешікпей қияқтанып туады ай,
Бар мұңымды сол ғана ұғар сұрамай. 
Жүрегімді қайтсем екен,қадірлім,
Сенен өзге жүрген ешкім ұнамай... 

Паң дүние әзиз басын кімге иді?
Бала-қайың бақта үнсіз мүлгиді...
Сағыныш па, сені ойласам әйтеуір,
Отырамын кешіп ұдай бір күйді. 

Жетегінде кете алмадым өзгенің,
Бәлкім,сендей бір жылылық сезбедім?
Қайта оралсаң...қайта оралсаң...оралсаң... 
...қалмай жатыр сөзге кім?! 

Сен кетер деп ойлап па едім жыраққа?
Ол жайында тағдыр бізден сұрап па? 
Кейде осы жеккөремін өмірді
Ертегідей жетпейтұғын мұратқа!!!


03.07.13


Айжан Табаракқызы
 

https://vk.com/omirzaya

Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha