Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Ұлыларды хақым жоқ ұмытуға

Блогтар

21.12.2017
6992

Ұлыларды хақым жоқ ұмытуға

Ұлыларды хақым жоқ ұмытуға,
Намысыңды көтерген асқар шыңға.
Абай, Ахмет,Ыбырай, Мағжандарым,
Туылған жоқ мақтануға ақын деген атқа.

Қазақ үшін қанын төгіп, жанын беріп,
Қараңғылыққа таң болып атты келіп.
Бар өмірін арнады бір қазаққа,
Ұранға Алаш деген атты алып.

Болды арманы Алашының асқақтығы,
Желбіресе көгінде асқақ туы.
Қалқасында жүрген басқа ұлттың,
Көтерілсе өр намысы, қазақ рухы.

Азаттықты аңсаған арыстарды,
Алаш үшін аямай төккен қанды,
Азаппен өткен тағдырларды,
Білесіңбе?
Бір сәтке де хақымыз жоқ.
Сенің де, менің де ұмытуға Ұлыларды!!!


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: