Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Уақыт зырлайды

БЛОГТАР

12 желтоқсан 2017
3780
0

Уақыт зырлайды

Зулап өтер өткінші уақыт...

Тосамыз алдан шынайы бақыт.

Сұрғылтым тірліктен шаршаймыз кейде,

Төзім мен сабырды тауысып, сарқып.

 

Сарылып жүрген адамдар аз ба?

Елеңдеп шіркін, көңілдері тасып,

Жүрегім алаула, мазда!

Мына жалғанда қалмағайсың жасып.

 

Бақыт дейміз, арманға ұмтыламыз,

Пенденің көзі тоймас, нәпсі мен құлқын жауыз,

Әр адам басында бармақтай бақ бар!

Алыстан бақ іздеп тау-тасқа бас ұрамыз.

 

Әркімге «Бақыт» әр басқа түсінік...

Адамның қалауын болмадым түсініп,

Біреулер десе бақыт ол – «байлық»

Ішімнен қаламын құлазып, күрсініп.

Көзіңді аш Адамзат!

Бақыт ол – «Өмір»!

Қалғаны – жаңғырық, өртенген көмір!

Бәрі де жоқ болып, күл болар!

Адамдар кешпейді мәңгілік ғұмыр!


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha