Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
СЕРПІН-IMPULSE ЖАҢА КІТАП

БЛОГТАР

16 тамыз 2017
4367
0

СЕРПІН-IMPULSE ЖАҢА КІТАП

Санаулы ғана таралыммен жарық көрген кітабым жайында біршама уақыт ешкімге айтпай келдім, мұнымның өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, мен бұл кітабымды Италья еліне халықаралық Пабло Неруда сыйлығын алуға барған сапарымда бір-ақ жариялайын деп жоспарлағам. ФБ бетінен өздеріңіз де байқаған боларсыздар, Итальяға шақырылған қонақтарды, оның ішінде мені де Сыйлық беруші мәдени қауымдастық жан-жақты жариялап, насихаттап келді. Мен ол елге бара алмағандықтан үлкен бір халықаралық сыйлықтан қағылып қалдым, өкінішті әрине. Оның үстіне ол елге барғандардың насихаты өте ауқымды болды. Итальяның белді-белді телеарналарынан, газеттерінен, журналдарынан, сайттарынан, оның ішінде ФБ бетінен жиі-жиі насихаттады. Сыйлық алушылардың өмірбаяны мен шығармашылығы, поэзиядағы жетістіктері жан-жақты айтылды. Тіпті қазірге шейін жазылып келеді. Не керек, сары майдай сақтаған, маған сірпін берген Серпінімді енді жариялап, өздеріңізбен бөліскенді жөн санап отырмын. Кітабыма: биыл Нобель сыйлығына төртінші рет кандидат болып отырған Италья ақыны Cav Silvano Bortolazzi, 2013 жылы Нобель сыйлығына кандидат Грекия ақыны Dimitris P. Kraniotis, көптеген халықаралық сыйлықтардың лаураеттары Бангладеш ақыны Aminur Rahman, Филиппин ақыны Epitacio Tongohan (Пенпен Такипсилим), Вьетнам ақыны Mai Văn Phấn, Италья ақыны Maria Miraglia, Австралия ақыны Ade Caparas Manilah, Пуэрто-Рико ақыны Luz María López, Италья ақыны Claudia Piccinno, Гана ақыны Waheed Musah, АҚШ ақыны Lynn Emanuel, Вьетнам ақыны Nguyễn Thị Thùy Linh, Әзербайжан ақыны (марқұм) Nizami Zöhrabi, Ирак ақыны Hassan Almahdi, Ресей ақыны Максим Замшев, ұйғыр ақыны Абдумажид Дөлятов сынды қаламгерлердің шығармаларын енгіздім, анығырақ айтқанда мұндағы ақындардың біршама өлеңдерін мен аудардым, ал бір тобы менің өлеңдерімді ағылшын, арап, әзербайжан, вьетнам, италян, испан тілдеріне аударды. Кітап 15 баспатабақ. Кітаптың бірінші бөліміне өз өлеңдерім мен шет тіліне аударылған туындыларымды, ал екінші бөліміне өзім аударған бүгінгі таңда көзі тірі әлемге аса танымал ақындардың шығармалары енді.

Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha