Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ӨНЕР
Қазақтың музыкалық мәдениеті

Блогтар

03.10.2019
10594

Қазақтың музыкалық мәдениеті

Қазақтың музыкалық мәдениеті

   

1920 жылдарда Қазақтың музыкалық мәдениеті де ойдағыдай дами бастады. Оны зерттеуде және насихаттауда қазақтың музыкалық фольклорының тамаша білгіші және оны қажымай-талмай жинаушы композитор Александр Викторович Затаевич (1856-1936) аса көрнекті роль атқарды. Ол 1920 жылдан бастап қазақтың музыкалық шығармаларын жазуға кірісті, сөйтіп, 1925 жылы қазақ музыкасының алғашқы жинағын – «Қырғыз халқының 1000 әнін», ал 1931 жылы – екінші жинағын – «Қазақ халқының 500 әні мен күйін» бастырып шығарды. А.В. Затаевич 2300-ден аса музыкалық жазып алған. Қазақ халқының ол жариялаған музыкалық қазынасының аса бай жинағы кейбір композиторлардың бірқатар өзіндік шығармаларын жасауына негіз болып қана қоймай, сонымен бірге дүние жүзін өзіндік ерекшелігі зор қазақ музыкасымен таныстырды.

   

А.В. Затаевичтің жинаған әндері туралы А.М. Горький былай деп жазған болатын: «Олардың аса ерекше ән-күйлері болашақ Моцарттарға, Бетховендерге, Шрпендерге,  Муссоргскийлерге және Григтерге лайықты бай материалдар екен».
   

Ал, Ромэн Роллан қазақтың ән-күйлерін «кең даланы құлпыртқан тамаша да таза ән-күй саздарының гүлдері екен» деп, өзінің шексіз масаттанғанын білдірді.

   

1818 жылы алғашқы рет қазақ әні нотаға түсіріліп, жария етілді.
   

Семейде, Петропавлда, Оралда, Атбасарда және басқа қалаларда 1910-1912 жылдардан бастап қазақтың алдыңғы қатарлы интелегенциясы әуесқойлық спектакльдер, халық ертегілері мен аңыздарына құрылған инисценировкалар және қазақтың алғашқы пьесаларын көрсете бастады.
   

Бұл кезде қазақтың халықтық искусствосы да жаңа үлгіге көшіп, ауылдықтар шеңберден шыға бастады. Ел қыдырған әншілер мен күйшілер жыл сайынғы ірі жәрмеңкелерге жиі баратын болды. Мұнда олар ән шырқап, күй тартады, халықық сауық-сайрандарға қатысады. Атап айтқанда, бұл сияқты жәрмеңкелерде Жамбыл Жабаев, Шашубай Қошқарбаев, Иса Байзақов, Кенен Әзербаев, Жаяу-Мұса Байжанов, Қали Байжанов, Майра Шамсутдинова және басқа халық искусствосының шеберлері өз өнерлерін көрсетіп, халыққа қызмет етіп отырған.


Советтік Қазақстан мәдениеті кітабынан.
Алматы – 1957 жыл


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: