Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Оле Ороске, Сикейрос си

БЛОГТАР

25 ақпан 2019
3198
0

Оле Ороске, Сикейрос си

Ole Opocke Sikeirys si

 

Сэм Уолтер менің кеңсеме баса көктеп кіріп келді де, жан-жағына мұқият қарап болған соң:

 

- Нәсілі Мексикалық , атағы жер жарған қандай суретшілерді білесің , - деді

 

- Ривера Мартинес Дельгада дедім мүлгіместен.

 

- Ал, мынау ше? Сэм үстеліме папка тастай салды. Оқышы.

 

Үлкен қызыл әріптермен жазылғанын жылдам көз жүгіртіп оқып шықтым.

 

- Сикейрос си, ороско оле, - ары қарай Байл Хайтс. Гамбит галереясы. Немене, арғы жағалауда Ореско-Сикейростың көрмесі болып жатыр ма?

 

- Ұсақ әріппен жазылғанды да оқысаңшы, өй шірік.

 

- Көрме Сикейрос-Оресконың өнерінің мұрагері,ғаламат суретші Себастьян Родригеске арналады.

 

- Менімен бірге жүрсеңші,- деді Сэм,күніне қарашы.

 

- Жиырмасыншы сәуір, сайтан, бүгін екіде. Ой, сайтан алғыр бір сағаттан соң... жо,жоқ бара алмаймын.

 

- Барасың, сен дегенің сыншы едің ғой... бұл жәй ашылу-жабылу салтанаты емес, жаназа.

 

- Жаназа ?

 

- Суретші Себастьян Родригесте қатысады, бірақ... өлі күйінде.

 

- Сонда сен...

 

- Бұл еске алу. Ол жерде туған –туыс,ағайындары болады. Кардинал Махонда да соғып кетер...

 

- Мәссаған, келетін адамдардың атына қарасаң, талантты суретші болса керек...

 

- Әуелде, сауық кеші болмақшы болған,тек ол абайсызда мерт болды. Сауық кешті болдырмаудың орнына, олар мәйтті осында алып келді, енді ол кеш хористермен шырақтар толған месса секілді бірдеңе болмақ.

 

- Құдайым-ау,-дедім мен.

 

- Дәл өзі, тағы да қайталасаң болады.

 

- Құдайым-ау. Мексика-испан-еврейлік Бойл Хайтс ауданындағы үш қатарлы галереяда ешкім танымайтын бейшара суретшінің мессасы(1) өтпек пе?

 

- Келесіге аудар, келесі беттерде Ороскомен Сикейростың рухын көресің.

 

Біраз бетті аударып , жағамды ұстадым.

 

- Мәссаған.

 

- Дәл солай,- деді Сэм.

 

Еврейлер мен испандықтардың ауданына бастайтын ұзын жолда келе жаттық:

 

- Бұл жігіт гений , қайдан тауып алдың?

 

- Полициядан, -деді рөлдегі Сэм.

 

- Қайдан?

 

- Ешкілерден, заңды бұзыпты –мыс, сосын бірнеше сағат қамауда.

 

- Бірнеше сағат? Соншалық не бүлдіріпті?

 

- Бір сұмдық нәрсе де, керемет. Бірақ қамап тастайтындай сұмдық емес әрине. Бір жағынан қорқынышты , екінші жағынан- маңызды түкте емес. Жоғары қарашы.

 

Жоғарыға көз жүгірттім.

 

- Анау ұшты көріп тұрсың ба?

 

- Көпір? Оны өтіп кеткен жоқпыз ба? Не болды сонша?

 

- Міне, дәл содан құлаған.

 

- Секіріп кеткен бе?

 

- Жоқ, құлаған. Сэм жылдамдықты арттыра түсті, өзге ештеңе байқамадың ба?

 

- Қайдан?

 

- Көпірден.

 

- Нені көруім керек еді, әмбе сен жылдам келе жатырсың.

 

- Жә, қайтарда көресің.

 

- Оның мерт болған жерін бе?

 

- Жоқ, өзінің шырқау шегіне жетіп, өлген жерін.

 

- Жанағы бейшараға Ороскомен Сикейростың рухы қоңған жер ме?

 

- Дөп айттың. Сэм шосседен бұрылып кетті. Келдік.

 

Бұл өнер галереясы емес, шіркеу екен.

 

Қабырғаларында суреттер ілінген, әрқайсысы өзінше бір ерекше түсте, құдды бір алаулаған оттың тілдерімен аспанға ұмтылып бара жатқандай. Бірақ олар әзірше өзге отқа бойұсынған, ол от қарабайыр галереяны дөңгелей қоршап тұрған екі жүзге тарта шырақ. Олардың жаңғанына біраз болса керек,жылуына бой үйретіп өзіңді мамыражай жаздың бір күнінде жүрмін деп ойлап қаласың, дегенмен сыртта сәуірдің сұрықсыз күндерінің бірі өтіп жатқан.

 

Суретші де сол жерде, бірақ қолы бос емес, мәңгілік тыныштыққа бой үйретіп жатыр. Ол тар деуге келмейтін, аппақ матамен жабылған, бұлттардай қалықтатып әкететін, және ғана шіркеу қызметшісі кіріп келген есіктен мәңгілікке , сол аппақ қазбауыр бұлттарға алып кететін табытта жатыр.

 

Мен оны бірден таныдым. Ол Карлос Хесус Монтойя, Лос-Анджелес ривердің құрғаған жағында тұратын қалың латындықтар тобырының тақуасы. Пірадар,ақын, қызық қуушы,мыңдаған әйелдің жүрегін жаралаған сері,мистик, журнал беттеріне түспейтін жан еді, қазірде Арт ньюс квотерлидің сыншысы, ол әлі ешкімге сыры ашыла қоймаған Себастьян Родригестің қиялдары ілінген қабырғаға қарап тұрды.

 

Ол қараған жаққа менде көз аудардым да ысқырып қалдым.

 

- Немене,-деп сыбырлай сөйледі Сэм.

 

- Бұл картиналар,-дедім даусымды көтере, кескіндеме емес, бұл- түрлі түсті фото.

 

- Тс-с-сс! ,-деп қалды біреу.

 

- Аузыңды жап.

 

- Бірақ...

 

Сэм жан-жағына қобалжи қарап:

 

- Ол солай ойластырылған, әдейі түсінесің бе , адамдарды қызықтыру үшін. Сосын нағыз картиналар. Бір оқпен екі қоянды атпақ.

 

- Бірақ,фото ретінде өте тамаша жасалынған,-дедім.

 

- Т-т-т-ү-ш! Деп бреу шымши қалды.

 

Ұлы Монтайя маған Родригес теңзінің ар жағындағы оттардың жанынан қарап тұрды.

 

- Керемет фотография,-деп қалдым.

 

- Монтайя құдды Севильядағы коррида алдындағы торреродай бәрін ерінімнен оқып, басын изеді.

 

- Тоқташы,- дедім, есіме еміс-еміс бірдеңелер түсіп, мен бұларды бір жерден көргендеймін.

 

Карлос Хесус Монтойя тағыда қабырғаға тесіле қалыпты.

 

- Кеттік,кеттік,-деп Сэм мені есікке қарай ығыстырды.

 

- Тоқташы, ойымды бөлмей!

 

- Ақымақ,- олар сені өлтіріп тастар,Сэм айқалай жібере жаздады.

 

Монтайя бәрін еріндерден оқып тұрғанын бас изеп білдірді.

 

- Не үшін?

 

- Көп білесің,көп!

 

- Білген түгім де жоқ.

 

- Білесің. Andale! Vamoose! (жылдамдатайық испанша)

 

Біз сыртқа қарай ұмтыла бергенімізде, алдымыздан жылап-сықтаған,өкірген қап-қара киім киіп,қара орамалды беттеріне жапқан бір топ әйел шыға келді

 

- Туған-туыстары былай жыламас,-деді Сэм. Бір болса бұрыңғы ашыналары да...

 

- Рас .

 

Кенет тағы бір жылаған дауыс шықты да , жаңағыларға қарағанда сұрықсыз, семіз әйелелдермен, арттарынан өте байсалды джентельмен ішке кірді.

 

- Туысқандары,-деді Сэм.

 

- Кетеміз бе , жоқ па?

 

- Бұл кульминация. Бәрі аяқталмай тұрып, сырттай көріп алсын дегенім ғой.

 

- Сонда бұл бір қап кәдесіз жапаға не сұрамақсың?

 

- Бұл саған жапа емес,бар болғаны суретшінің қаны, оның қиялымен сыншылардың жақсы,жаман сөздері.

 

- Әкелші қапты, саған осы жақсылықтан сап берейін.

 

- Жоқ, тағы ішке кірде , мерт болған генийді соңғы рет көрші.

 

- Әшейінде мұндай сөздеріңді, құмыраңды құшақтап отырған сенбінің бір кештерінде естуші ем.

 

- Бүгін сенбі емес әрине, міне бөтелке, біраз ұрттада, соңғы рет көрші.

 

Шырақтың иісі,мамыражай жаздың иісі шығып тұрған есіктің дәл алдында ішіп тұрдым.

 

Ал есіктің ар жағында Себастьян кішкендай балалардың хорымен, аппақ кемесіне отырып мәңігілік сапарына кетіп бара жатты.

 

Шосседе қайда ызғыта бара жатқанымызды сезгендей болдым.

 

- Қайда баратынымызды білемін.

 

- Ттт-үүү-шшш.- деді Сэм.

 

- Себастья Родригес секіріп кеткен жерге ме?

 

- Құлаған!

 

- Құлап мерт болған!

 

- Жаң жағыңа қарап отыр келіп қалдық.

 

- Жақсы, тек ақырын жүр. Құдай-ау міне дәл өзі, Сэм жылдамдықты азайта қойды.

 

- Жоғары қарашы, сайтан , есімнен адасып кеттім бе? Әне,қарашы

 

- Көріп тұрмын.

 

Олар расында ұзын жолдың үстінен асылып жатқан көпірдің дәл астында екен.

 

- Бұл Себастьянның галереядағы картиналары емес пе?

 

- Ол жәй фотосурет еді, ал бұл нақ өздері.

 

Расында да нақ суреттер еді, нағыз суреттер, ашық , керемет,ғаламат.

 

- Граффити ,-дедім терең демала.

 

- Қайдағы графити , - деді Сэм Собордың төбесіне қарап тұрғандай

 

- Неге бағана көрсетпегенсің?

 

- Алпыспен келе жатқанымызда-ақ көргенсің, бірақ дәл қазір шыңайы көріп тұрсың.

 

- Бірақ, неге дәл қазір.

 

- Мына қияли шындыққа миың қатып кетпесін деп бәрін асықпай жасаған түрім, Не түрлі сұрақтарға жауап таба алсын дегенім ғой.

 

- Галереялағы фото суреттер, әлде көпірдегі граффити қайсысы бірінші, жұмыртқа ма тауық па?

 

- Жартылай жұмыртқа,жартылай тауық. Бір ай бұрын Монтайя әкей көлігімен ызғыта келе жатып , мынаны байқап қалмасы бар ма, сосын байқұс жол апатына түсе жаздап, зорға тірі қалды.

 

- Сосын , Себастьянның жолға салынған керемет туындыларының алғашқы коллекционері. – деп пайымдадым мен.

 

- Дөп түстің. Мына керемет латиноамерикандық дүниелерді көрген ол , бәрін тастап үйіне фотоапаратқа жүгіріп кеткен. Тусірген суреттердің ғаламаттығы сонша, әлгі Монтайяның басында бір жарық сәулелі ой пайда болған. Көптеген адамдардың жолға, көпірге салынған суреттерге аса мән бермейтінін ойға алсақ, неге Себаятьянның суреттерін галереяға қойып,бір жағынан құмармен қалтаны қандырмасқа деген жоспар ғой оныкі. Ал сосын, ақшасын кері қайтару мүмкін еместей көрінген кезде үлкен дау тудыра салады, « мына галереялы быламықтарды құдайдың сыйы деп ойласаңдар,онда көздеріңді ашыңдар,101 шоссенің 89 көпірінде,деп зарлайды әлгі Монтайя. Сонымен Монайя барлық сыншыны жинап алып қойылым қоймақшы болды!

 

- Бірақ, Себастьян қойылым басталмай қаза болды емес пе?

 

- Құлап, өзінің абыройын айрандай төкті.

 

- Өлім суретшінің атағын аспандатады деп ойлап жүрсем.

 

- Кейде иа,кейде жоқ. Себастьянда өзге жағдай болды, өте ауыр, ол құлап кетті.

 

- А,айтпақшы ол қалай болған жағдай.

 

- Мәселе былай болған, ол төмен салбырап көпірдің астына сурет салып жатқан, ал оның аяғынан ұстап тұрған досы, кенет түшкіріп қалады... міне... солай Себастьян жоқ.

 

- Құдайым-ау!

 

- Туған туысқандарына, және қаптаған тобырға ешкім шындықты айтқысы келмеді. Қызық! Төмен салбырап заңға қайшы сурет салып жатып ағылып жатқан көліктерге құлап түсу... жағдайды мотоциклмен болған жағдай деп түсіндірді,бірақ қайдағы мотоцикл. Қолындағы бояуды коронер келгенше жуып үлгерді, солай Монтайя мұрынын тасқа ұрды.

 

- Ешкімге керегі жоқ суреттер толып тұрған жоқ па әлгі галереяда.

 

- Жоқ! Галереяда өмірден ерте озған маргинал-суретшінің өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын көптеген құнсыз дүние бар, бірақ шабыт сыйлайтын елде жоқ бағаны сұрайтын суреттері барына. құдайға шүкір деймін. Кардинал Махони баспаға ресми рұқсатын берді, ал сосын бағасы тіпті аспандап кетті.

 

- Сонымен түпнұсқаның қайда екенін ешкім әлі айтпаған ба??

 

- Ешкім айтпайды да, туғандары балаға жолда ойнама деген, нәтижиесі қандай. Оның өлімін олар көтерді ғой, бірақ шоссені, әй қайдам. Оның көпірге салған суреттері олар үшін өте ауыр әрі коммерциялы болғандықтан, әлгі Монтойя дейтін бәле мың шырақ жағып әулие Себастьян атындағы шіркеу ашыуды ұсынды.

 

- Бұл оқиға тағы басқа кім біледі?

 

- Монтойя,галереяның иесі, бәлкім бір екі апа-жездесі. Сосын екеуміз. Ешкім ескі жараның аузын тырнағысы келмейді,ана жарықтық айтпақшы. Қолыңды артқы жаққа созшы, бірдеңе бар ма?

 

- Үш шелек тұр ғой деймін?

 

- Сосын?

 

- Үлкен сырлайтын нәрсе.

 

- Үш шелек бояу ғой иа ?

 

- Иа

 

- Бірақ,неге?

 

- Көпірдің астындағы Себастьян Родригестің ғаламат туындыларын бояп көзін құрту үшін.

 

- Бұл бағасы жоқ дүниелерді ме? Не үшін?

 

- Бұны біреу көріп қойып, көрмедегі суреттермен салыстырса, біттім дей бер.

 

- Неге, керісінше оны әлем керемет батыл граффити суретшісі ретінде тани түсіеді.

 

- Болмаса, оның ғаламат ойларын табамыз деп , түрлі жол апаттарына ұшырайды.

 

Көпірдің астындағы оның туындыларына ұзақ қарап тұрдым.

 

- Ал бұны кім бояйды?

 

- Мен !,- деді Сэм.

 

- Ал, қалай жасамақсың?

 

- Сен мені төмен қарай салбыратып ұстап тұрасың, алдымен сімгіріп ал, ешқандай түшкіру болмасын.

 

- Сикейрос nada [** ештеңе(исп.)], Ороско, no [жоқ)

 

- Солай ма? Тағы да қайталай аласың ба ?

 

Үш рет қайталадым,тек ішімнен.

 

Авторы: Рэй Брэдберри

Орыс тілінен аударған: Серікжан Қажытай 


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha