Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

БЛОГТАР

14 ақпан 2019
3302
0

Қостүйін

 

 

Бағзы бір заманда, Арыс өзенінің бойын жағалай мекен еткен ауыл болыпты. Ішер суы өзеннен, мал жайылымы мен шаруаға жайлы мекенді орын тепкен халық бейбіт өмір сүреді. Күндердің бір күнінде қаннен қаперсіз жатқан халықты жау жағадан алады. Қолына түскенін алып үлкенді кішілі халық батыры бас шепте, кішісі көмекте жауға қарсыласады. Кіндік қаны тамған жерін қорғап қалу үшін барша халық арпалысып, бейқам өмірден жау шайқасына төтеп беруге шама-шарықтары жетпей жеңілуге шақ қалады. Танымды елге тәңірден көмек келгендей, алыстан бір батырдың қарасы көрініп, халық жағына ойысып шайқаса жөнеледі.Жаудың қалын қолын алдына келгенін ұрып, артынан беттегенін соғып, бытырата қуып жатқан бұл ержүрек азаматқа теңдесе алмай әлек болыпты. Батырдың ұрыс алаңындағы айла тәсілдері, атқанын дөп тигізетін садақ ату шеберлігі, шайқасу өнерімен қалың қолдың бетін қайтарып жеңіске жетеді.

 

Елдің жауды жеңіп, қуанып арқа-жарқа болып жатқан шағында тұтқиылдан ердің жүрегіне оқ тиіп жантәсілім еткен екен. Жауды еңсеруге себепкер болған батырдың атын, руын, шыққан тегі мен елін білмеген халық әбден басы қатып дал болыпты. Арулап жерлеп, өн бойында көзге түскен ешбір ерекшелік яки таңба болмаған соң тамағындағы қостүйінді өзек етіп «қостүйін» деп атап кетеді. Батырдың рухына арнап, ерен ерлігін құрметтеп, «жау қолынан мекенді аман алып қалмаса бүгінде бұл жеңіске жетпес едік», ауыл атауын «Қостүйін»-ге өзгертуді бір ауыздан шешкен екен. Содан бері, ел тәуелсіздік алып, Түркістан облысы, Арыстың жағасында Теміржолшы деп өзгертпегенде, Қостүйін елді мекені бар. Қиссадағыдай бейбіт ел, жайылымы мен шаруасы жайлы мекен.

 

Бұл елмен жердің шығу тарихына өзек болатын халық ауыз даналығы, қисса ретінде әдебиетімізде қалып қойған.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha