Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
Кертолғау немесе Адасқан заман ғазалы

БЛОГТАР

04 желтоқсан 2017
6019
0

Кертолғау немесе Адасқан заман ғазалы

КЕР ТОЛҒАУ НЕМЕСЕ АДАСҚАН ЗАМАН ҒАЗАЛЫ (поэма) 1 Қара базар... Күй тартуда әжім-шері мол күйші, Бал қылықты бармен ару ашщы арақтан, бол, құйшы?! Қаланы жел кеміруде өпкен боп, Мұрыныма өлексенің келді исі… Көңіл-мырза, қалта-тесік, жан менен тән дүрдараз, Қай қасқаның апанында мәуелеп тұр «Ділда ағаш»?! Арайланып тағы тірлік таңы атты, Төсекшіл жұрт оян көзді тырна да аш! Өріп қара көлеңкелер таянғанда іңір-ау, Құйына алып кететіндей түсіңдегі шыңырау, Дір-дір еттің, бырақ, тез-ақ ұмыттың, Үміт, күдік тайталасқан ғұмыр-ау! Зарықтырып дел-сал еткен қайдай зауық, арман дүр?! Мәйһанаға дедектетіп у жұтқызған таңнан кіл?! Арыстанның тырнағынан құтқарып, Жолбарысқа жемтік қылған жалған бұл... Өз қағынан жеріп ұрпақ – Өлең, аңыз, дастаннан, Жамбы көрсе жолдан тайып, кейі қызылбастанған. Әрбір күні доллар үшін діңкелеп – Теңгелердің сылдырынан басталған. Кербез ұлды, кесір қызды басыбайлы құлығып, Құдайсынып кердеңдейді кешще кәпір құбыжық. Құмырада жасырынған жын еді, Күн батыстан жеткен ескек жылымық. Аялаған махаббатым сопы ойнасы - талақ, қар, Шер боп ішке байлануда ішілген зәр - шараптар. Өлеңімнің құны оған көк тиын, Оқитыны дем салынған парақтар. Түйе – қотыр, түлкі – іншіл, Ойым, қырым-құй, үңгір, Екпінімен Емен жығып Алатауда құйын жүр. Айдалада қап алтынын жастанып, Аштан өлген сасық баймен күйім-бір. Көше кезген міскін күйші Мұқтаж бақыр теңгеге, Шер-шеменді қозғап ескі күңірендің беу неге?! Қонарын да , ұшарын да білмейді , Көгала үйрек ұя салған кеудеге. Перне бойлап жорғалауда күс-күс саусақ, басбармақ, Жебелердің зуылынан пыр-пыр ұшып Қасқалдақ, Қапияда айдарынан жел ескен, Мұрттай ұшып, Бегзада жер жастанбақ. 2 Сұлу маймыл, әлде, сиқыр жезтырнақтан азған ә!? Көкшіл мұнар арасынан күледі қыз наздана. Жемтік аңсап айлануда көгімде, Қанды балақ құзғын, құмай, тазқара... Солғын сәуле жылтылдайды, тұмшаланған терезе, Рахат тауып шөліркеген өңеш, кепкен кенезе. Ібілістің сілекейі қосылған, Шарап толы сәнді шөлмек сөреде. Сүйгенінің тіліне еріп қуылғанда пейіштен, Адам ата бірінші боп ішті ме екен кейістен?! Қара жерде шайынады шаңданса, Ақындар да мүжігенде ой іштен. Нұқ пайғамбар топан суда мінген бағы зор қайықтың, Қазығұртта қаңқасы бар, мен пақырың кәйіппін. Ашщы судың келгеніне бір ғасыр, Қотарылып арнасымен жайықтың. Күрең мінген күндер қайда, кісінетіп, тағалап?! Қуыс қурай құр денем жүр мәйхананы жағалап. Ізімді аңдып қыр соңымнан қалмайды, Бұраңдаған төрт көз қанден сабалақ. Орта ғасыр сылқымдары қабырғаға ілінген, Аяғандай көз алмайды диуанадай түрімнен. Беріш болған жүрек шіркін шым етті, Құлағыма келген мауық жылы үннен. Тұр алдымда айдай ару, картинадан шыққандай, Мөлдірейді қос жанары таңғы таза шықтардай. Жеңсіз көйлек, толысты анар, ақ тамақ... Масаң көңіл тұра алама сұқтанбай, Сүймек - сүннет, ер жігітке сұлулардың назы арман, Жұпар аңқып мәйхана іші лебіменен тазарған, Қармаладым саусағының ұшынан, Ғайып болып кететіндей көз алдан. Ішкі сезім толқынысын күлкісімен аңдатып, Қасы көзін сүзіп құйған шарабы да бал татып, Бақытпенен уақыт шіркін зымырап, Қалған сынды құланиек таң да атып... Арты бұлдыр, елең-алаң, әлде мүмкін, түн жарым, Көкейде тек көйлегінің сыдырмасын сырғаным, Демі үзіліп, бара жатты құмығып, Күлкісі де сыңғырындай сырғаның. Ессіз желік бойды алған құлақ - керең, тіл - кесік, Алма кезек аударысып, тар төсекте мінгесіп, Сәске түсте мең-зең болып оянсам, Маңдайында сыңар мүйіз тұрды өсіп... Терезені қарға шоқып,шықылықтап сауысқан, Азабойым қаза болды шырқыраған дауыстан, Қарғыс атқан жерді тастап зытпақ ем, Қырсыққанда киімдерім сауыс қан. Қандай жауыз шермендені жақынынан айырған? Көк өрімді көктей орып, қанатынан қайырған? Кіріптарғып, неге еркімді матады Қара шашы ну тоғайдай жайылған?! Төзугеде, кетугеде дәт жоқ, тұрмын тосылып? Беріштенген жүйке - жүйем қарғыс дырмен осылып. Мырс мырс етті, әлде кімді мазақтап, Шерлі үнге зәрлі күлкі қосылып... “Өз қолыммен шарап беріп, тәтті у құйып жадыңа, Ортақ қылдым, айдап салып, қандасыңның қанына, Бөлтіріктей ауызданып дәніктің, Қан қарызын арқалайсың тағыда... Шерлінің де, зәрлінің де, ұққандаймын дауысын, Бойда ыза, өзгеге де, өзіме де жау ішім... Кәйіп болып отырамын қайтадан, Жын ойнақта вакалыммен қауышып... Көксерім тек бар мен ғайып арасында жоғалу, Тағы келіп жетектейді сыңар мүйіз сол ару... Құлағымда шерлі үн мен зәр күлкі, Қолдан келмес бұл сұмдықты доғару. 3 Обыр Тобыр Тағы естідім шерлі күйдің жалғасын, Аран Ажал Мыс қазанда қайнауда құж қорғасын, Көлеңкемді шоқылауда топырлап, Құныққандар місе тұтбай олжасын. Аңдаусызда қомағайдың тұяғынан сусып бір, Діл ішегім жапан дүзде тал басында сыңсып тұр. Қылдырықтай қылтан да жоқ, төңірек Таза, тақыр - ғайып болған - ну, шық, гүл... Сонадайда қаңтарылған салқар көш пе, керуен бе? Түлпарлары шалт күзелген неге сонша шерменде?! Жетімегін жылатпаған ел еді, Бөрі текті, рухы берік, өр кеуде. Көкпар тартып, бәйге оздырып, жарысып, қыз қуатын, Шегір көзді жын жайлады кең даласын, суатын… Жатқа үйір, сүлулары, қағынды, Күнде кәйіп, нәпсісіне құл - ақын. Бес қару жоқ, ашамай да күл боп отқа жағылған, Қамшы көрмей балалы жын басқа шығып қағынған. Жат алдында бүрсеңдейді қараша, Тесік моншақ бұйырмаған лағылдан. Жол қуама ынжық ұрпақ тақымы атқа тимеген?! Тон пішеме әуейі қыз келімсекпен күйлеген?! Оймен қырға ірге тепті мыстандар, көрінбейтін жадылы тор сүйреген... Тілін, ділін сатқандардың бауыры - бүтін, басы - аман, Егейлердің көзін жойды оқ жаудырып тасадан, Өлмей тұрып тықпалауда әр жерге, Мүсіндерін тастан өзі қашаған. Тәлкек еткен кекілді қыз,тұлымды ұлдың тағдырын, Алтынменен әдіптеген залымдар сұм жарлығын, Қорғасын шоқ ойып түскен шанаққа, Ішек болып зар қағуда жан қылым... Бейуақта сақ - сақ күліп жын шуылы үдейді, Екпінімен есті алып қалыңдатып үрейді, Жеңе алмай тұншығуда диуана, Кеудесіне мінген қара дүлейді. Қаңтарылған көштегінің көз алдынан өтті елес, Аппақ мамық қанатымен көтеріліп көкке көш, Аққулар да айдынынан шошынған, Жын жайлаған көлін қайта көксемес. Көкте аққу, жерде қазақ, қамығуда қос бейбақ, Сынық қаңат, сүркей дауыс, сыңар ешкі, бос тайлақ ... Бар мен жоқтың арасына - бұлтқа, Сіңе берді қосарланған көш жайлап... 4 Туғанына оқ атқызған қарғап бөкен жарғақты, Қабыл болып күңіреніп, шерлі әуен зар қақты… Жүргіншілер зілмен қарап өтуде, Қарт күйшіден қызғанғандай арбатты… Ұйқылы ояу суретшінің шимайына үймелеп, Ешбір пенде кідірмеді безілдеген күйді елеп, Жарыса кеп мақтасады аюды, Жалбыр түкті епсіз әрі күйгелек... Тас емшегін иіп берген ботақанын сағына, Зар қосуда боз інген де мұңлы көштің зарына, Екпіні жел, нөсер болып көз жасы, Самүрық құс шыңыраудан талыға... Әлде қайда, жапан дүзде жалғыз өскен бәйтерек, Самұрық құс ұя салған емес әсте жәй терек, Балапанын жемек болып айдаһар Өрмеледі, шошып кетті ай да ерек!!! Ана қыран екі ұдай боп ұясына қонды ақыр, Алаңдаған балапаны қамсыз ұйықтап тоқ жатыр, Жеті басын абжыланның балталап, Құтқарыпты жаяу жортқан сол пақыр... Күй әуені зардан, мұңнан, қоңыр үнге ауысты, Жерге жұмақ орнатқандай, жақындатып алысты, Тыншый алмай алабұртқан көңілдер, Ғайып мәжнүн әлемімен қауышты... Ер алашқа бесік болған, қорған болған қара тау, Қара таудың бөктерінде жұмыртқадай жаңа отау, Қойнауы - құт, шөбі - шүйгін, суы - бал, Пай - пай, шіркін, қазақ жері жаннат – ау!!! Мол сабаға бақ - береке, ақ - ырызғы құйылып, Ата енеге сәлем жасап талша келін иіліп, Жыланға да ақ тамызған салтына, Дұшпаны да таңдай қағар сүйініп... Күймен жеңген күйкі тірлік, қас тағдырдың сынағын, Зағип күйші қатайтты сәл домбыраның құлағын, Тасып аққан таудың тентек суындай, Шарпып өтті тұла бойды бір ағын... О, мұғжиза сәлделі абыз пырағы да туада ақ, Құбылаға мойын бұрып қатып қапты дуадақ, Алты таспа бұзау тіспен осып жүр, Жын біткенді атбауырына алып қуалап... Сергіді ақын, таубаға кеп, дара талға ақ байлап, Көрген түстей өз өмірін, ақыретті жатты ойлап... Көз ұшында ұзай берді әулие, Түлендерді малша айдап қақпайлап... Ер бабамнан дуа емес жыр -тәбәрік -саз қалған, Таупиық бер, о, жаратқан сақта өзің азғаннан ?! Бөлтірігін жауға бермес қасқырда , Өз үйірін қорғайды айғыр азбаннан. * * * Тәркі етіп тіршіліктің әлем жәлем базарын, Қабырғамды қауырсын ғып жазған осы ғазалым, Әттең, шіркін, жүрегіңе жетпейді – ау, Тілің, ділің қырық пышақ қазағым ...!!! Қазағым... !!! Есбол Үсенұлы Есбол Үсенұлы 1972 жылы оныншы тамызда Қытай Халық Республикасы Іле аймағы Ақдала ауылында дүниеге келген. Ақын, аудармашы. «Жас қазақ», «Түркістан», «Қазақ әдебиеті», «Ақиқат» қатарлы басылымдарда өлең, аударма, мақалалары жарық көрген. Тел нөмір: 87775256379, 87016704645

Теги: Поэма
Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha