Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Блогтар
ҚАРА СҰЛБА

БЛОГТАР

04 мамыр 2017
5152
0

ҚАРА СҰЛБА

Түн жылап тұр... 
Төнеді қара сұлба...
Тұнжырап қыр... 
Көнеді дала сұмға...
Ғасырлардың жаңғырып санасында,
Ғасылдандым мәңгілік дара сырға.

Жол көрінді жон асқан, жан баспаған,
Бұйырады ол – бұйырса алғаш маған.
Кеше бәрі мен үшін басқаша еді-ау,
Қайда кеткен жұмаққа жалғас панам?..

Дірдектедім жапырақсыз күзгі ағаштай,
Қайран бар ма жүрекке сыздамасқа-ай?..
Қара сұлба қаптаған жан-жағымды,
Бір жарыққа жетсемші түзде адаспай.

Тірісі де сезілмей, өлісі де,
Теріс келді мына түн оң ісіме.
Бұл тажал ма, ажал ма басқа түскен,
Өлік болып қамалдым көр ішіне...

Ауыр сұрақ қойғандай Мүңкір-Нәңкір,
Тар қапаста таныттым бұлқынған түр...
Ауылым көшіп жоғалды аспан жаққа,
Жалғыз мола ғана бар жұртымда аңқыл.

Көкке ұшпайтын құс едім қанаты жоқ,
Қарамаймын көзімнен таратып от.
Қара сұлба – жалмаған жанарымды,
Жұтып қойған нұрымды – қара түнек!..

 

2013

Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha