Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

БЛОГТАР

08 маусым 2018
3292
0

Ғашықтық

Тухан Нұрбол 05.03.1998 Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ажы ауылы

 

Ғашық болу сезімдегі ғаламат,

Шарабына мас болады адамзат.

Айдынында жүзер екі қос ғашық,

Жаралады сезімнен бір махаббат.

 

Жалған болса жүрек тұрар қан жылап,

Көтермес мұны, сезім тұрар қалжырап.

Бір-бірінің жүректерін жаралайды,

Көмейіңнен қан тамады сорғалап.

 

Бауыр басып қалғанменен амал не?

Тылсым дағы жібермейді кеудеңде.

Жалған сөзге өтірік мас боласың,

Бола алмайсың шын ғашық бір пендеге.

 

Сен ғашықсың,ол шын ғашық болмайды,

Текке жүріп сезімдерді қорлайды.

Бір-біріне шын ғашықтар болса егер,

Бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.


Бөлісу:
     
Пікір қалдыру:
Captcha